1.Суретшінің ана тілі –авар тілін ұмытып,француз тілінде сөйлесуін қалай
бағалар едіңдер?Өз ойларыңды жазыңдар.
2.Кейіпкердің мұндай әректіне не себеп болды?
3.Әңгімедегі суретші сияқты адамдар бүгінгі біздің қоғамда бар ма?
4.Дағыстандық суретші жігітке кеңес беру хатын жазайық.
5.Төменде берілген суреттер мен шығармадағы негізгі ойды
байланыстырып шағын ойтолғау жазыңдар.
Тақырып: «Менің дағыстаным» повесі
Уақыт - адам өміріндегі баға жетпес құндылық екені ешкімге де құпия емес. Уақыт қайтып келмейді, сондықтан бос уақытты сарп етпей, тиімді қолдана білу керек. Себебі, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған уақытында біздің қоғамымызда "уақыт - ақша" деген қағида қалыптасқан. Уақытты тиімді пайдалану - табысқа жетудің бірден бір кепілі. Менің ойымша уақытты бағындыру дегеніміз - оны тиімді пайдалану, себебі уақыт қайтып келмейді. Сонымен уақытты бағындырудың төмендегідей тәсілдерін ұсынамын:
1. Жоспар құру. Бір күнге, аптаға, айға немесе бір жылға жоспар құру - маңызды істерді айқындауға, бірде бір минутты босқа кетірмеуге көмектеседі.
2. Бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырмай, алдымен бір істі бітіріп, сосын келесісіне көшіңіз.
3. Күнделікті атқарылған істерге талдау жасаңыз.
4. Жұмыстарды кейінге қалдырмаңыз.
5. "Бүгін және дәл қазір қандай жұмыстар маған пайда әкеледі?" Осы сұрақты өз-өзіңізге әрдайым қойып жүрген абзал. Бұл өзіңізді тәрбиелуге және уақытты ұтымды пайдалануға көмектеседі.
6. Уақытты тиімді пайдаланудың тағы бір жолы - уақытыңызды босқа алатын теледидар көру, әлеуметтік желілерде отыру, телефон арқылы ұзақ сөйлесу т.с.с. нәрселерден бас тарту.
Ал сіз осы айтылған ақыл – кеңестің қайсысын қолданасыз?
Мен-тәуелсіз елдің ұланымын! Мен егемен мемлекетте өмір сүремін. Бірақ бұл тәуелсіздік менің еліме оңай келген жоқ. Бізге,яғни,болашақ ұрпаққа тәуелсіздік сыйлау үшін ата- бабаларымыз өз жандарың аямаған. Осы кісілердің арқасында біз бейбіт елде,тәуелсіз елде өмір сүрудеміз. Тəуелсіздік алғанымызға жақында 25 жыл толады. Осы 25 жыл еліміз үшін даму жылдары болды. Осы жылдар бойы еліміз өз тəуелсіздігін сақтап ,əрі дамып келеді. Еліміздің осындай күнге жеткені ата-бабаларымыз бен тəуелсіз еліміздің мамандарының арқасы. Олардың осы еңбектері мен ерліктерің ақтау үшін біз де еліміздің дамуына, қазір болмаса кейін,өз үлесімізді қосуымыз қажет !