1. Тәуелдік жалғаулы сөздердің қандай сөзбен байланысатынын естеріңе түсіріп, берілген сөздерді оңаша және ортақ түрде үш жақта тәуелдеңдер. Үй, киім, бала, Отан, бөлме. 2. Берілген жалғаулы сөздердің оңаша түрін ортақ, ал ортақ түрін оңаша тәуелдеуге айналдырып жазыңдар. Қуанышым,әкеміз, кітабың, дәптері, үстеліңіз, мектебіміз, ұстазың, туысқанымыз, досыма, баласы, көршіңіз, інім. Үлгі: қуанышым-қуанышымыз, Әкеміз-әкем, 3. Ағалар, апалар, аналар деген зат есімдерді ортақ тәуелде. 4.Төмендегі мәтіннің мазмұнына мән бере отырып, ортақ тәуелденген зат есімдерді тап. «Жақыныңды жаттай сыйла- жат жанынан түңілсін» «Өзіміздің адамдар ғой деп жақын туыстарға көңіл бөлмей қарау- тәрбиелілік емес» Бір анадан туса да, ағасы бауырына, қарындасына, інісі мен қарындасы әпке-ағаларына жанашыр болуы тиіс. Бауырмалдық, жанашырлық сезім жоқ жерде туысқандық, сыйластық, ауызбірлік те болмайды. Ал өзінің ең жақын адамдарын - үй ішіндегі туыстарын қадір тұтпаған адам басқа жұртты да сыйлап жарытпайды. Бұл мақал татулыққа, сыйластыққа, жанашырлық пен мейірімділікке тәрбиелейді. 5. Құрамында ортақ және оңаша тәуелденген зат есімдері бар өзің білетін өлең шумақтарын жатқа жаз. Қалаған бір сөзіңе фонетикалық талдау жаса. 6. Сұрақтарға жауап беру. Еңбек нарығына анықтама бер. Еңбек нарығының ерекшелігі неде? Еңбек нарығы кімдердің арасындағы қарым-қатынасты зерттейді?
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова 1922 жылдың 23 қазанында Батыс Қазақстанда дүниеге келген, ата-анасы Мәншүктің бес жасында дүниеден озған. Сондықтан да Мәншүк Алматыдағы тумаларының тәрбиесінде болған. Сонда мектеп бітіріп, Алматы медицина институтына түскен. 1942 жылы институттың екінші курсынынан өз еркімен әскерге сұранған және әскерге шақырылған. Әскерде пулеметчиктер(атқыштар) курсын оқыған.
1943 жылы Псков облысының Невель қаласын жаудан құтқару кезінде басынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған. Сол шайқаста жетпістен астам жаудың көзін жойған. Жаужүрек қыз 21 жасқа толуына сегіз күн қалғанда қанды шайқаста қаза тапқан. Оған қайтыс болғаннан соң, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ер есімі- ел есінде.