В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
dunina2018
dunina2018
07.03.2020 20:57 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма 1. Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер (3 сұрақ) 2. Неологизм сөздердің астын сызыңыз. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады. 2019 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталды. Қазіргі уақытта астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 1 млн асады. Қала төрт ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр» ауданынан тұрады. Нұр-Сұлтан Қазақстанның орталығынан солтүстікке қарай құрғақ далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аумағы аласа терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді. Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң. Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды. Мәтін бойынша сұрақтар: 1. Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына қай жылы, қандай ұйымның шешімі бойынша ие болды? 2.Астанамыз 2000жылы қандай мәртебеге ие болды? 3.Астананың транзиттік көпірге айналуының себебін айтыңыз 2-тапсырма Тест тапсырмалары 1.Термин сөзді тап. а)Қарындас в)Жолдас с)Эпитет д)Қызықты е)Қызғылт 2.Терминдерге тән белгі а)Көнерген сөздер болады в)Жаңа сөздер с)Кәсіби сөздер д)Ғылым мен техника салаларындағы сөздер 3.Кәсіби сөздер қанша салаға бөлінеді? а)1 в)2 с)3 д)4 е)5 4.Диалект сөзді табыңыз. Асқаров Мараттың баратын жері алыстұғын. а)Асқаров в)Мараттың с)баратын д)жері е)алыстұғын 5.Түйе шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер. а)футбол,ғарыш.делдал в)садақ,жебе,бәйбіше с)нар,қоспақ,үлек 6. Неологизм сөздерді тап а)Махаббат, тұрмыс, төлқұжат в)Ел,елдік,азаматтық с)Ана,әке,ата д)Жүз,күз,ет е)Делдал, құжат, сұхбат 3-тапсырма Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді табыңыз. Театрда қойылым барысында көп сойлемей, анда мұнда шығып, көп қозғалманыз. Актерге кері әсерін тигізуініз мүмкін. Ұялы телефоныңызды сөндіруді немесе дыбысыз режимге қоюды ұмытпаңыз. Трагедия болса, өте қаты жыламаңыз. Комедия болса өте қатты күлмеңіз; көрермендердің назарын өзіңізге аудартып аласыз.

Показать ответ
Ответ:
ancordkot
ancordkot
22.04.2021 09:28

Қазақ әдебиетінде оқырманды халықтың басынан қиыншылықтарды қатыстыра отырып,жүйелі ой қалыптастыруға итермелейтін шығармалар аз емес.Осындай шығармалардың бірі,өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын шығарма-Шашты әңгімесі.Әңгімеде дана қарт Тасқұл мен бала Кенжебек бейнесі көрініс табады.

Жаугершілік заманда шапқыншылар өзге елді тұтқиылдан шауып, сұлу қыздары мен батыр ерлерін еріксіз алып кететін. Тұтқынға түскен бойжеткендерді күң етсе, ер азаматтарын құл қылатын. Туған елге деген сағыныш еріксіз тұтқынды да тәуекелге бел буып, қашуға итермелейді-шығарманың беретін сезімі де осы.Әңгімеде ер-азаматтардың ар-намысы, шапқыншылыққа ұшыраған елдің күйі секілді мәселелер талқыланады.Шығарманың өзіне тән ерекшелігі, асыра сілтеу секілді әдеби құралдары жиі қолданылмайды,себебі бұл өмірде болған тарихи оқиғаға негізделіп жазылған.Жазушы шағын әңгіме арқылы жауынгер қазақ халқы рухының мықтылығына назар аударған.Оған дәлелдер:тұтқындағы жылқышының өр мінезі.жас бала Кенжебектің айшылық алыс жерден жалғыз қашып келуі.

Қорытындалый келе Шашты шығармасы сол заманның өзекті мәселелерін қозғап қана қоймай, бүгінгі күнмен де тығыз байланыстырған. Сол заманда ер азаматтар ар-намыс секілді бағалы қасиеттерінен құл болғандықтан айырылса, қазіргі заманның ер адамдары сол секілді қасиеттерді өз бойынан жоғалтып, еркек аттарынан ерікті түрде айырылып жатыр. Бұл мәселенің бүгінге дейін де өзекті болып келе жатқаны бәрімізге белгілі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Sveto4ka2006
Sveto4ka2006
22.07.2022 06:27

Сәлем Айман

Сәлем Бота

Айман сен Махамбет Өтемісұлы туралы білесің бе айта кетші.

Махамбет Өтемісұлы қазақтың азаттығын көксеген күрескер ақын.Исатай батыр бастаған көтеріліс көсемдерінің бірі.Ол жастайынан шешендігі мен ақындығымен көзге түсті.Ол өз өлеңдерін бостандық бейбітшілік, әділдік туралы жырлаған

Рақмет Айман. Оның қандай мақсаттары болды.

Алдына айқын мақсат қойып елінің әлуметтік жағдайын нығағайтқысы келді. Кемеңгер қолбасшы өршіл ақын ретінде тарихтан үлкен орын алды.

Рақмет енді Махамбет Өтемісұлы туралы біліп жүретін болдым.

Сау бол

Сау бол

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота