1-тапсырма 1.Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер (3 сұрақ) 2. Неологизм сөздердің астын сызыңыз. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қала атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар ірі қалалардың халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады. 2019 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана қа Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталды Қазіргі уақытта астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар 1 млн асады. Қала төрт ауданнан — «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байн ауданынан тұрады. Нұр-Сұлтан Қазақстанның орталығынан солтүстікке қарай далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аум аласа терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді. Есіл өзені елорданың баст көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгі ыстық және бірқалыпты қуаң. Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орнал Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орта. Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды.
Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеледі, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, ал түн болса, керісінше қысқара бастайды.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын болған. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Алаңда барша халық жиналып, Наурыз жайлы қойылымды тамашалайды.
Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Мерекелік дастарқанға түрлі ұлттық тағамдар қоюға болады. Мысалы, сүт тағамдарынан қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. сияқты тағамдар дастарқанға қойылады.
Сонымен қатар ұннан әзірленетін ұлттық тағамдар шелпек пен бауырсақ пісіріп, таба нан, салма, қаттама әзірлеуге болады.
Ал дәнді дақылдардан талқан, жент, тары, бидай көже, майсөк, бөкпе болса, дастарқанға қоюға болады.
Биыл жазғы демалыс басталысымен мен ауылға кеткен болатынмын. Ондағы достарыммен талай қызықты бастан кештік. Солардың біреуін айта кетейін.
Күндердің бірінде біздің үйдің қой кезегі келіп, мені атам мен әжем қой бағуға жібереді. Мен жаныма досымды ертіп, біріміз атқа мініп, біріміз есекке мініп, бір отар қойды айдап кеттік. Жарты күн өтіп, түскі тамақты ішіп алған соң, досымның ұйқысы келіп, маған «кезектесіп ұйықтайық» деп, өзі жатып қалды. Мен біраз табиғатты тамашалап, қойларды бақылап отырғанымда қалай ұйықтап кеткенімді де білмеймін. Бір кезде оянсам, отар қойымыздың біреуі де жоқ. Досымды оятып, екеуміз не істерімізді білмей, әбден састық. Амал жоқ, ауылға қайта келуге тура келді. Не деп айтарымызды да білмейміз. Бір ауылдың қойы із түзсіз жоқ. «Енді қайттік?» деп еңсеміз түсіп келе жатқанда көрші үйдің қорасының алдында тұрған қойды көрдік. Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей, қораға жақындап келсек, әлгі үйдің қойлары түгел орнында. Досым екеуміз аң - таңбыз. Бұл сонда қалай болғаны? Қойлардың өздері қайтып кетуі мүмкін емес. Сөйтсек, ауылда қалған достарымыз келісіп, осылай әзілдеспек болған екен! Мұны естігенде, әрине, алдымен достарымызға біраз ренжідік. Бірақ уақыт өте келе, бұл әзіл есте қаларлықтай оқиға болды.

Биылғы жылғы қызық оқиғалар