1-тапсырма. Берілген мәтінді мұқият оқыңыз. Жалпы есімдерді бір бағанға, жалқы есімдерді бір бағанға орналастырыңыз!(в один столбик собственные имена сущ., в другой столбик нарицательные) «Әнші құм» Жетісу жеріндегі Кіші және Үлкен Қалқан тауларының етегінде орналасқан. Әйгілі «Алтынемел» қорығының құрамына енген. Оны кейде «Айғайқұм» деп те атайды. Төбенің биіктігі – 150 метр, ұзындығы – 8, ені 3 шақырым. Құмы өте ұсақ. Жел соққан кезде құм қозғалып, дыбыс шығарады. «Әнші құмның» дауысын есту үшін алыстан туристер, жолаушылар келеді. Халық арасында аңыздар да көп таралған.
Жалқы есім Жалпы есім