1-тапсырма. Берілген сұрақтарға лекция бойынша жауап беріңіз. 1. Дәнекерлеуге байланысты қандай материалдар бар және олардың мақсаты қандай?
2. Болатты дәнекерлеу үшін дәнекерлегіш әр түрлі сымдарды не үшін қолданады?
3 Дәнекерлеуші сым маркаларының әріптік-сандық белгілері қалай анықталады 1-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (ответьте на вопросы).
“Құжат” (Документ) – латын тілінде қандай мағына береді?
Дағдылы қолданыста құжаттың неше мағынасы бар? Атап беріңіз.
Кәсіпорынды басқару қандай процесс болып табылады?
Дұрыс шешім қабылдау үшін қандай мәліметтер керек болады?
Кәсіпорынның не ұйымның құжаттары не себепті мемлекеттік мұрағаттарға тапсырылуы тиіс?
Құжаттарды топтастыру дегеніміз не?
Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар қалай бөлінеді?
Мазмұнына қарай құжаттар қалай бөлінеді?
Атауына қарай құжаттар қандай түрлерге бөлінеді?
Толтыру орнына қарай құжаттар қалай бөлінеді?
Орындалу мерзімі бойынша құжаттар қалай болып бөлінеді?
Шығу тегіне қарай құжаттар қалай болып бөлінеді?
Жариялылық дәрежесіне қарай құжаттар қалай болып бөлінеді?
Заңдылық күшіне қарай құжаттар қалай болып бөлінеді?
Жасалу сатысына қарай құжаттар қалай болып бөлінеді?
Көшірме құжаттар іштей қалай болып бөлінеді?
2-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерінің қазақ және орыс тілдеріндегі баламаларын сәйкестендіріңіз. (соедините слова по смыслу)
Іс жүргізу Юридическое лицо
Кәсіпорынды басқару Информация
Ішкі құжаттар Секретный документ
Ресми Официальное лицо
Жазба құжаттар Управление предприятием
Жедел құжат Физическое лицо
Ақпарат делопроизводство
Жарғы официально-личные документы
Құпия құжат письменные документы
Ресми-жекелік құжат устав
Заңды тұлға внутренние документы
Жеке тұлға документ
Үш көз;Су анасы - бұлақ,жол анасы-тұяқ,сөз анасы- құлақ.
Үш тоқтам; Ақыл-арқан,ой-өріс,адам-қазық.
Үш қасиет; Өліде-аруақ,малда-кие, аста-кепиет.
Үш талғам; Мейірім-сауап, жақсылықтан шарапат,жамандықтан кесепат.
Үш жүз; Ұлы жүз,Орта жүз,Кіші жүз.
Үш тәтті;Жан тәтті,жар тәтті,мал тәтті.
Үш қуат; Ақыл,жүрек, тіл.
Үш жұрт; өз жұртың- күншіл,қайын жұртың-міншіл,нағашы жұртың- сыншыл.
Жеті санына;
Жеті санның дүниежүзілік дәстүрде өте жиі, тұрақты ,орнықты болып кездесетіндігін білеміз.
Жеті саны-қазақ үшін де киелі.
7 санына байланысты жеті жұт немесе жұт-жеті ағайынды.Олар-құрғақшылық,жұт (малдың қырылуы), өрт, оба, соғыс,топан су, зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ; жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ,
таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ,Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.
Жеті қазына-ұрпақ жалғасы деп есептеледі. Сонымен қатар жеті жетім, жеті шәріп,жеті ата ұрпағымыздың өрісін,танымын кеңейтеді.
Жеті күн; Дүйсенбі,сейсенбі, сәрсенбі,бейсенбі, жұма,сенбі,жексенбі.
Жеті амал;Тоқсанның кіріуі,киіктің матауы,мұздың қатуы,айдың тоғамы,үркердің батуы,қарашаның батуы,күннің тоқырауы.
Жеті қазына;-Ер жігіт,сұлу әйел,берен мылтық,ақыл,білім,жүйрік ат, қыран бүркіт,жүйрік тазы.
Тоғыз саны;
Тоғыз саны-әлдебір толықтылықты,түгелділікті білдіреді,үйірімен үш тоғыз,байлықты,жеңісті білдіреді.
Қырық саны;
Қырық-көп жағдайда кез келген өлшемнің (уақыты,кеңістіктің) ең шеткі,ең соңғы межесі,шебі,шекарасы.Қырық сөзі абак таңбадағы шебер сызығын білдірген.Сандық көрсеткіш бойынша берсек,40дегеніміз-кіндік нүкте.40 санына байланысты қазақ халқының қырқынан шығару,қырқын беру.
Шығарма
Менің шұғылалы әлемім.
Менің әлемім – менің жақын туыстарым мен адамдарымның шеңберіндегі өмірім.
Өмір – күрделі нәрсе. Миллиондаған адам әлемде өмір сүреді,әр адам өз жолын таңдайды,өз мақсаттарын белгілейді.Және осы мақсаттарға қалай қол жеткізуге болады? Кім қалай дұрыс өмір сүру керектігін біледі? Бала кезімде бәрі қарапайым және оңай көрінетін еді.Мен өскен сайын әлемнің қиындықтары мен күрделі жақтарын түсіне бастадым.Бірақ оған қарамастан әр адам өзінің бақытын табуы керек.Ол үшін көп күш салу керек.
Әрине,әлемде өмір сүруге тұрарлық көптеген қызықты нәрселер бар.Менің шұғылалы әлемімдегі ең басты нәрсе – бақыт,отбасымның амандығы. Мен ата-анамды қатты жақсы көремін және әрқашан олардың аман-сау болғанын қалаймын.
Ал шұғылалы әлем деген, менің ойымша,адамның жаны,жүрегі,сезімі.Әрдайым нұрланып,айналасына жақсы шұғыласын шашуы.Осы әлемдегі өміріңді ең жақын адамдармен өткізсең,әлемің шұғыласын одан әрі шаша бермек дегім келеді.