1-тапсырма. Етістіктермен жұмыс. Төмендегі етістіктерден келер шақ түрін жасаңыз.
Күл, ойна, жүр, айт, сана, есепте, ойла, талда, тапсыр.
Төмендегі етістіктердің болымсыз түрін жазыңыз
Тынышталды, жіберді, жатып қалдым, көрінеді.
Мына қатардан туынды етістіктерді анықтаңыз.
Күлімдейді, сез, отырғандай, баста, күйініп кетті, бұрылған, талдап жатыр, жүгір.
Жауабын шешу:
1) Кім? Не? Деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы?
2) Жеті септіктің біріншісі
3) Кімді? Нені? Сұрағына жауап беретін септік?
4) Табыс септігінің жалғауы?
5) Сөйлемдегі сөздерді бір - бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды қандай жалғаулар деп атайды?
6) кімнің? Ненің? Сұрағына жауап беретін сөз табы?
7) қандай? сұрақтарына жауап беретін сөз табы?
8) не істеді? Не қылды? Сұрағына жауап беретін сөз табы?
9) ілік септігінің сұрағы?
10) кімде? Неде? Сұрағына жауап беретін сөз табы?
11) Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді қандай сөз табы дейді?
12) Зат есімнің түрі?
13) қашан? Қайда? Қалай? Сұрағына жауап беретін сөз табы?
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны,
Иісі аңқыған шыршаны,
Жарқыраған шыршаны...
Жұпар иісі аңқыды,
Апамды да мәз қылды!
Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.