Қазақстанның Қызыл кітабына жануарлар, өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың сирек кездесетін және құрып кету алдындағы түрлерінің тізімі топтастырылған. Бұл кітапқа омыртқалылардың 128 түрі енгізілген, оларды іштей жіктейтін болсақ – балықтар мен дөңгелекауыздылардың 18 түрі, қосмекенділердің үш түрі, бауырымен жорғалаушылардың 10 түрі, құстардың – 57, сүтқоректілердің – 40 түрі. Жойылып кету қаупі бар деп саналатын қосмекенділердің ішінде Жетісу бақатісі, Данатин бақасы және Сібір бақасы бар. Ал бауырымен жорғалаушыларға келсек, олар – ала батбат (кесіртке), Зайсан кесірткесі, сұр кесіртке, бақырашкөз кесіртке, қызыл жолақты жылан, сары жылан, сары бауыр жылан, төртжолақты жылан, шұбар жылан.
Сәлем досым .Қалын қалай? Үй іші аман ба? Біздің елімізде көрікті жерлер көп .Мысалы Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы және бас қаласы. Дәл осы жерде ең маңызды саяси және экономикалық оқиғалар өтеді. Мұнда ҚР Президентінің резиденциясы – Ақорда, елдің ең басты монументі – Бәйтерек, сондай-ақ танымал «Атамекен» этно-мемориалдық кешені бар. Ашық аспан астында орналасқан кешендегі шағын макеттер сізге қалада серуендеп жүргендей күй кештіреді. Ал 2017 жылы Астанада EXPO-2017 халық көрмесі өтеді. Бүгінгі Астана – Қазақстанның мақтанышы.