1-тапсырма Климат түрлері мен олардың ерекшеліктерін шартты белгілер арқылы сәйкестендіріңіз.
Климат түрлері
сәйкестендіру
Ерекшеліктері
Экваторлық
белдеу
1
а
1 жыл ішінде екі түрлі ауа массасы алмасады.
Субэкваторлық
белдеу
2
б
жыл бойы экваторлық ауа массасы басым
болады.
Өтпелі климаттық белдеу
3
в
бұлттың төмен болуына байланысты күн
жылуын аса мол алады.
Тропиктік
белдеу
4
г
қыста тропиктік, ал жазда экваторлық ауа
массаларының ықпалында болады.
Андронов мәдениеті-қола дәуіріне жататын археологиялық мәдениеттердің бүкіл тобы, ол біздің дәуірімізге дейінгі 17-19 ғасырларда болған. Бұл мәдениет Қазақстанды, Батыс Сібірді, Орта Азияны, Оңтүстік Оралды қамтыды.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті – қола дәуірінің соңғы кезеңінде, яғни біздің дәуірімізге дейінгі 13-9 ғасырларда өмір сүрген Орталық Қазақстан тайпаларына жататын мәдениет.
Түсініктеме:
Андронов мәдениеті Андроново ауылынан шыққан, өйткені алғашқы жерлеу орындары табылған. Бұл зерттеуші Тугаринов болды және 1914 жылы табылған. Археолог Теплоухов бұл мәдениетті 1927 жылы бөліп алды. Андронов мәдениеті Синташта-Петровка-Арқайымға ұқсас (Оңтүстік Оралда және Солтүстік Қазақстанда – біздің дәуірімізге дейінгі 2200 – 1600 жылдарға жатады), Алакөл (Амурдария мен Сырдария өзендері аралығы, Қызылқұм шөлінде – біздің дәуірімізге дейінгі 2100 – 1400 жылдар). Бұл мәдениет Орал мен Еділге біркелкі таралмады. Мұндай мәдениет отырықшы, жартылай далада өмір сүрген, жайылымдар мен құнарлы жерлерге ие, тіпті мыс және қалайы кеніштері бар малшылар мен фермерлерге тән ерекше өмір түрімен сипатталады.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті 1934 жылы табылған Дандыбай кесенесінің арқасында осылай аталады. Бұл терминді Академик Марғұлан ойлап тапқан. Бұл мәдениет жартастардан салынған ақсүйектердің биік, дөңгелек / тікбұрышты кесенелерімен танымал. Бұл мәдениет Ұлытау мен Шыңғыстау таулары арасында, Жетікоңыр өзенінен Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендеріне дейін Ертіс бойымен, Баянауыл мен бұғыға дейін таралған.
1. Алтын адам - сақ тайпаларына тиесілі жәдігер.
2. Алтын адамның безендірілуі туралы.
3. Алтын адам - тарихымыздың көзі, еліміздің баға жетпес қазынасы.
"Алтын адам" - Алматы облысының маңындағы Есік қорғанынан табылған құнды дүние. Ғалымдардың пайымдауынша, "Алтын адам" - сақ тайпаларына тиесілі. Бұл Алтын адамның жасы -17 -18 шамасында. "Алтын адам" - Қазақстан Республикасының құнды жәдігері, қазына, баға жетпес асыл. Әрі ата - бабаларымыздың көзі ретінде қалған аманат деп білемін. Ежелгі тарихымызды танып-білуге бір қадам жақындағандай боламыз. Алтын адамның киіміндегі әшекейлер жайлы айтып өтетін болсам, алтын адам - 4000 - ға жуық әшекейлермен безерленген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін хайуанаттар нышанында жасалған. «Алтын адам» – бүгінде Қазақстанның азаттық символына айналды.Бас киім 150-ге жуық әшекей заттармен безендірілген. Биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70см шамасындағы бас киімі әшекейлердің орналасуына байланысты үш бөліктен тұрады: көк әлемі, жер әлемі және жер асты әлемі. Арқардың алтын статуэткасы бас киімнің ең ұшында орналасқан. Ол таудың мәңгілік қар-мұз басқан шың құздарын мекендеуші жануар тәңірге бір табан жақын, «кіршіксіз» деп есептелген. Әсемдікті көрсетіп тұрған жан-жағындағы төрт жебе, әлемнің төрт жағын бейнелейді. Олар сабы жіңішке алтын лентамен спираль сияқтандырып оралған және жоғары жағы жапырақ тәрізденіп, ортасы қуыс болып келген. Бұл бас киімдегі жебе тәрізді әшекейлер әлемнің төрт жағын бейнелейді. Ал құстың қанаттары жоғарғы билікті, жоғарғы әлемді білдіреді.Сақ жауынгерінің бас киімінің дәл ортасында таңғажайып қанатты тұлпарорналасқан. Жылқы – сыннан өткен дос, жолдас, соғыс қаруы, ата-бабалар дүниесімен қарым-қатынас құралы ретінде көрінеді. Сонымен қатар салтанатты рәсімдік, тәңірлік және аластаушы жануар қызметін атқарған.
Қазақстанда "Алтын адам" - біреу ғана емес. Алғашқы "Алтын адамды" 1969-1970 жылдары экспедиция барысында Кемал Ақышев тапқан болатын. Екінші "Алтын адам" 1999 жылы Аралтөбе маңынан табылды. Жақында үшінші алтын адам - Қарқаралы маңынан табылған болатын. Бұл 3 ескерткіш - тарихымыздың, еңселі еліміздің құнды жәдігерлері. Әрі мақтанышымыз деп айтуға да болады!