1-тапсырма. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырыңыз Инсулинді енгізудің жаңа әдісін тапқан жас ғалым 7,5 млн теңгелік
грантты жеңіп алды
Бүгін Астанадағы «Қазақстан - жаңа жаһандық инновациялық хабарлар» халықаралық
инновациялық форумы аясында жылдың үздік ең жас ғалымдары белгілі болды.
Жалпыұлттық инновациялар байқауындағы «Үздік жас ғалым» аталымына 100-ден астам өтінім
келіп түскен. Оның қорытындысы бойынша сарапшылық комиссия 10 финалисті іріктеді. Бүгін
конференция аясында 10 жас ғалым өздерінің жобалары бойынша таныстырылым өткізді.
Айта кетерлігі, осы аталымға қатысуда ең жоғары белсенділікті Назарбаев Университетінің
студенттері мен ғалымдары танытты. «Жылдың үздік жас ғалым» атағы мен 7 500 000 теңге
көлеміндегі бас жүлдені Назарбаев Университетінің түлегі Дана Ақылбекова жеңіп алды. Ол байқауға
денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеуін ұсынды. Жас ғалым диабеттің екінші типімен
ауыратын адамдарға инсулин енгізудің жаңа әдістерін зерттеумен айналысуда.
Екінші орын мен 1 500 000 теңге сомасындағы сыйлықты да Назарбаев Университетінің өкілі
Айдар Кемелбай еншіледі. Ал үшінші орын мен 1 000 000 теңгелік сыйлыққа биотехнология
саласындағы өзінің ғылыми жетістіктерімен танылған Дәмел Мектепбаева лайық деп танылды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл аталымда жеңіске жеткен және сыйлық алғандар Ұлыбританияға
EducationTour сапарына бару мүмкіндігіне ие болды. Ал бірінші орынды иеленген Дана Ақылбаева
Қазақстан атынан Лондонда өтетін жас ғалымдардың халықаралық байқауына қатысады.
Жас ғалымдар арасындағы байқау ҚР ИДМ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік»
АҚ және Қазақстандағы Британдық кеңес тарапынан ұйымдастырылды.
http://www.inform.kz/kz/insulindi-engizudin-zhana-adisin-tapkan-zhas-galym-7-5-mln-tengelik-grantty-
zhenip-aldy_a2838481
1-тапсырма. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырыңыз
Детективтік роман оқысаң , шытырман оқиғада детективтер қылмысты істерді ашып,сол қылмыскерді табады,мен сол оқиға мені баурап,сондықтан кітап біткенше дейін оқып тынамын.
Өкінішке орай қазіргі жаңа заманауи технология заманында адамдар кітапты оқуды мүлдем ұмытқан.Кітаптың орнының компьютерлер,гаджеттер алған,
Кітап-бар білімнің бастауы,. Кітап барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы деп ойлаймын