1-тапсырма Мәтінді мұқият оқы. Тапсырмаларды орында. Ғарыштағы қымыз
«Альфалықтар - сыйлы қонағымыз. Басқа жұлдыз жүйесінің өкілдері
бізге достық ниетпен келе жатыр. Альфалықтармен ертеңгі танысу - адам
цивилизациясының жарқын көрінісі». Газеттердің Соңғы кездегі
нөмірлерінен осы тәріздес сөздерді жұрт жиі көретін боп кетті. Бірталай
адамдар жаңа туған қыздарының атын Альфа деп қойыпты.Роботтардың
жаңа шыққан маркасы да Альфа болды. Жазу машинкасының желі бар
жазушысы әп-сәтте Альфа планетасының тұрмысы жөнінде фантастикалық
повесть бастырып шығарады. Радио да борыштар қалған жоқ: планетамызға
белгілі композитор әншінің Альфа халық әуендеріне жазған попуриін күніне 5-
6 мезгіл береді. Альфа делегациясын басқарып келетін ақсақалдың өмірін
дәріптейтін телеспектакль қойылды. Академияның ғылыми қызметкері Р.
монография жазды. Қойшы, Альфалықтар Жер баспай тұрып-ақ адамдар
олардың барлық тірлігін біліп алды деуге болады, мысалы олардың етікті
әуелі қай аяғына сұғатыны, тәулігіне неше мәрте жетелетіні, кілттерін қай
қалталарына салып жүретіні сияқты маңызды-маңызды дәстүрлер туралы
қазір де төртінші класстың балалары да айтып бере алады. Планетааралық
сыртқы істер басқармасы ба өз, радиомен ғана шектеліп қалған жоқ.
Қонақтарды жақсы күтіп алуға қажетті шаралардың бәрін жасауға тырысты.
Альфалықтар жерге жақындағанда нөмірі он төртінші Космофлотқа 867-ші
серіктің орбитасымен келіп қонуы тиіс еді.
а)Оқыған мәтіндегі оқиғаны жалғастыр.Өзінді мәтін кейіпкерлерінің біреуінің орнына қойып,оқиғаны бір жақта әңгімелеп жаз:
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мынадай жолдармен байланысады :
а) Интонация арқылы іргелесе байланысады :
Байжанның оны көруі біріншірет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша , сарғылы өңділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен.
Мұнда бірінші жай сөйлемнен кейін дауыс ырғағы көтеріңкі айтылып, кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де , екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі ойды білдіруге дәлекер болып тұрады.
ә) Жалғаулық шылаулар (септеулік ) арқылы байланысады: Құланбай күзеуден ерет қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді .
б) Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндаушы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, құрмаласа байланысады. Мысалы: Құрымбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен.
Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді:
1. Салалас құрмалас .
2. Сабақтас құрмалас.
3. Аралас құрмалас.