1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, кесте бойынша салыстырыңыз.
А мәтіні
Домбыра туралы аңыз
Домбыра аспабының қалай пайда болғаны жайлы аңыз әңгімелер аса мол. А.Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде
домбыра аңыздарына ерекше назар аударған. Соның бірі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданынан Арғынбек
Қилыбаев ақсақалдың баяндауындағы «Қос ішек» күйінің аңызы.
Ертеде биік таудың қиясын тұрақ еткен, бұғы-маралды аулап азық етіп күнін көрген бір аңшы жігіт болады. Бірде
жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтарып
тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал тұс еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге
соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан
болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып
тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс
шығарады. Бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. Сол
жерде аңшы жігіт қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын деп, ішекті үйге алып келеді де, бір
аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді.
Бұл үн жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп
тыңдайтын аспабына айналады.
Ә мәтіні
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ерте заманнан келе жатқан музыкалық аспаптарының түрлері өте көп. Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан,
темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы
мүмкін заттардан қарапайым ән-күй аспаптарын жасаған. Еліміздің әр түрлі музейлерінің қорларында 400-ден астам көне
музыкалық аспаптар сақтаулы.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жіктеп төмендегідей топтарға бөлуге болады:
1. Үрмелі аспаптар - үрлеп тартылатындар, оның ішінде оларды 3 топқа бөлуге болады:
Үрмелі (флейталы) - сыбызғы, қурай-ысқырғыш, үшпелек, саз сырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық, ұран.
Тростық - қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай.
Мундштуктік - мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.
2. Шертпелі аспаптар - ішекті аспаптар. Оған шертіп ойналатын - жетіген (7 ішекті, 21 ішекті), шертер, домбыра (бас
домбыра, прима домбыра, альт домбыра, шабылған, құралған, қалақ домбыра, Абай домбыра,), адырна, шіңкілдек, ортеке,
үш ішекті домбыра.
3. Ұрмалы аспаптар - аты айтып тұрғандай ұрып ойналатын аспаптар: даңғыра, кепшік, дабыл, дулыға, дауылпаз,
шыңдауыл, тұяқтас, тоқылдақ, шың.
4. Сым тілшелі: шаңқобыз.
5.Сілкіп ойналатын аспаптар - сілку арқылы ойналады: аса таяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау, сақпан,
зырылдауық.
6. Ыспалы аспаптар немесе қияқпен ойналатын аспаптар: қобыз (қыл қобыз, нар қобыз, бас қобыз, альт қобыз, прима
қобыз), сазген.
Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінде кең тарағаны домбыра, қобыз, сазсырнай болып табылады. Домбыраны тіпті
қазақтың өзімен салыстырады: «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деп. Себебі, домбыраны тартып, оның
дауысын ұнатпайтын қазақ жоқ десе де болады. Жалпы, домбыра атауының шығу тарихы жайлы таластар көп. Солардың
бір қатары: «Дембира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп те топшылайды, себебі шығыс елдерінде қастерлі,
қасиетті нәрсеге немесе кейбір көпшілік орынға әйел адамның есімін беру үрдісі бар. Пішіні домбыраға ұқсас, төрт ішекті
шертпелі аспап үнді халықтарында «тампура» деп те аталады. Ішекті шертпелі аспап «пандура» гректерде бар. Сонымен
нақты атауы қайдан шыққаны әзірге белгісіз.
Ал ең көне аспап ретінде қобыз саналады. Өздеріңіз білетіндей қобыз сонау Қорқыт ата заманынан келе жатыр.
Қазіргі күні ұлттық музыкалық аспаптарға деген сұраныс артып келеді. Жастардың көбі қазір домбыра мен қобыздан
басқа да ұлттық аспаптар бар екенін біліп келеді. Оған дәлел ретінде ұлттық аспаптардан құралған топтарды айта аламыз.
Екеуі қоста оңаша қалғанда жөн сұрасты. Жас бала айшылық алыс жолдан барымтаға түскен қыпшақ жылқысымен қоса айдалып келген. Түрікпен Әмударияны бетке алып, Сыр бойы қыпшақтан алған қалың жылқыны дүркірете қуып, күн-түн жортқан ат үстіндегі сергелдең он бір жасар оғланды дереу есейтіп тастамаса да, қапелімде азат басына түскен қыл бұғауды тосырқап, тілі байланып, жан ұшырған.
– Аға, біз қыпшақ, атам аты Ерторы, әкем аты Құлпейіс, анамның сүт кенжесі Кенжебекпін, – деді бала көзі жасаурап, мөлтең қағып.
– Балам, сен мені жылқышы ата дерсің, – деді қазақ шал түсі жылып, – құдай аламанға кезіктіріп, таландыға бір түскен екенсің, бекер жаси берме. Ай-Күн жарықсыз болмас.
Ат құлағында ойнап өскен қыр баласы сол қырғын күнгі мың жылқысын қорыған қыпшақтың шетінен сүйекті, сай тасындай ірі, сом білегі тізеден келетін үш ер азаматының қасында шоқайып, өзі тіленіп, ат арқасынан түспей қойған. Қырық қаралы теке түрікпен* жер астынан шыққандай, жусаған жылқыға андыздай тигенде аз қыпшақ сүйірленіп, найза кезене, қарсы шабуылға қасқая ат қойды. Ешбірі тірі қалмасын білген, өлсе, жастығын ала өлмек. «Жал-жал құм арасына қаш! Қалың жыңғыл, сексеуілді панала, тез тығыл, жотадан ассаң, жау таппай қалар, құтыл, бауырым!», – деп бірі артына қарайлай бере, Кенжебекке жанұшыра айқайлаған.
Кенжебек астына мінген дегдар тұяқты жануар қиқу тиіп, құйрық-жалы нөсердей құйылып, дүр сілкінгенде желдей ескен мың бас жылқыдан үркіп, кісінеп салды. Ойдым-ойдым құм арасы жылқы жаюға қолайлы болғанымен, ат күрмеліп, шаба алмайды. Бала ішіне шоқ түскендей, айнала үшеуін, батыр ағаларын ажал сұмға қимай, көн садағын қолға ала ұмтылды. Омыраулай қарсы келген жалбыр бөрік дәу түрікпен ат үстінен қарғадай баланы жұлып кеп алды. Ұрыста жазым болып, қосақ арасында бекерге өлмесін деп ол баланы алдына лақша өңгере салды.
Жылқы күзеткен арыстай үш жігіт ұрыста өліп, Ерторының немересін табын-табын жылқымен қоса теке түрікпен олжалап, күнбатыс еліне айдап әкеткенін естігенде, тұсауы кесіле сала ат арқасына мінгізген қыпшақ елі ұлардай шулап, қатындар дауыс сала, бет жырта жылап, аһ ұрып қала берді.
– Қай ноғайсың? – деп сұрады бала іркілмей.
– Қаңбақша ауып, тамырсыз дедектеген мен бір қаңлы.
– Қаңлы ішінде қай аталық? –деді бала ересек адамша сыр тартқысы кеп.
– Тегін сұраған жат болмайды. Қаңлы десем, көгім қазақ дегенім, қарағым. Бабам азан шақырып қойған есімімді, сүйегімді жариялап айтпай-ақ қояйын. Сен сұрама.
Кенжебек жалшы шалдың ата тегін, руын дәл атауға құлықсыз екенін, батпандай құпия қайғысын нұры тайған көзінен ұқты. Әйтпесе тұқымы асыл болса астындағы атына өз тайпасын қосақтай айтуға шалт қазақ нәсілінен ғой.
– Ат басы мен ер басы қайда қалмайды, – деп күрсінді шал.
Ошақтағы от жалын кеміп, көлеңкелер бұға қалғандай, жатаған сексеуілге айналғандай елестеді.
– Сен, қарағым, алаңсыз ұйқыңды қандыр. Түнгі күзет мына менікі, атаңдікі, – дегенде жылқышының дауысы ерекше жұмсарды. – Тасқұл атаң жалғыздық сүрейге әбден еті өлген.
Ол қыпшақтың еркек баласын жортуылшы топ олжалап әкелгенде қатты тіксінді. Кенжебек теке түрікпенге тұтқынға түскелі қолына құрық ұстатып, жылқы бақтырды. Бала қасындағы үзеңгілес серігі қазақ болып шыққанына әкесін көргендей қуанды.
Ұзамай Кенжебек жаңа тірлігіне үйрене бастады. Түрікпен жылқысы шетінен аққу мойын, тік сирақ, бойы биік келеді, аяғын қаз басқанда ерен бекзат жануар болар ма, соны көргенде арқасы қозды. Бұрын көз үйренген қыпшақ, адай, алаша, шекті жылқысының шомбал мүсіні қораш сезіліп, шоқтығы биік, сымбаты көркем текежәуміт тұқымды жылқы малсақ ұлдың көзіне оттай басылды.
Ауылдың ділмар,шешен ақсақал қарияларын шақыру - бүлдіршіннің тілі жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кеде тілі тез шығу үшін дәстүрлі «тілашар тойы»жасалады. Мал сойылып, ауылдың ділмар, қариялары арнайы шақырылады.
Балаға қойдың тілін жегізу - олар «Тілің тез шықсын!»деп, сәбиге қойдың тілін жегізеді, қой ішігемен буындырып тұрып, «Сөлейсің бе?» деп үш рет «сөйлеймін»деген уәде алады.
Ақсақалдардың ақ батасын алу - Осыдан соң ақсақалдар «Сандуғаштай сайрап кет!», «Жиреншедей көсем бол, Жәнібектей көсем бол!»деген секілді ақ баталарын беріп тарқасады.