1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, ондағы болымды-болымсыз етістікті, есімшені табыңыз.
Екі дос
Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде казактың екі жауынгері тос
кағысып, дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан
жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүлiктерiн тиеп кетеді.
Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр
күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жаткан жағаға келеді. Айталаган
жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін колбасыларына алып баруын өтінеді.
Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған
айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды
босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін
ғана берсең болды, - дейді.
- Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.
- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей
өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана
күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты
тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте
Қиынға соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
Есімше
Болымды етістік
Болымсыз етістік
1.
2.
3.
іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...
«Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нағыз символы, оның танымал карточкасы. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 т асып, 500 қалқаға тіреледі. 97 метрді құрайтын көрініс кешені заманауи қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді.
Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдерінің қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады. Күшті қарқынды даму қалаға астананы ауыстыру туралы шешімді қабылдағаннан кейін келді. 10 жыл ішінде Астана өзінің өзгеше және заманауи көркін табуына бұл оқиғаға міндетті. Қала көз алдында өсіп жатыр. Бұл жергілікті тұрғындарды ғана емес, сонымен қатар, астана қонақтарын қуантады. Әрбір біздің қалаға келуіңізде, сіз барлық жаңа объектілердің куәгері ретінде, астананың қалай қарқынды өсіп және өзгергеуіне таңдана қарайсыз.