В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
wildforme
wildforme
13.05.2021 02:58 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді табыңыз. Қазақстан . Құшағы кең , құлашы бір байтақ өлке.130-дан астам ұлт өкілінің баласындай ырыс пен ынтымақта өміп сүріп жатқандығы бұл сөзімізге айғақ. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi тонның ішкі бауындай бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы
Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек
Ұлтаралыққатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен дамып келе жатқан республика үшiн өте қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бұл бағытта елiмiз егемендiк алғалы қыруар шаруалар жүзеге асты және асырыла бермекшi. Солардың ең негiзгiсi Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы. Ассамбляның негiзгi бағыты – елiмiздiң тарихына терең үңiлiп, ұлттық дәстүр мен мәдениеттi, ана тiлiмiздi көздің қарашығындай сақтау және дамыту және ұлтаралық ынтымақтастық пен сабақтастықты мейлiнше өркендету. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегi ұшан-теңiз екенiн айтуымыз керек. Елбасы «Қазақстан 2050 Стратегиясын» жасап әр ұлт өкiлдерiнiң мiндеттерiн тайға таңба басқандай айқындап бердi. Ал Ассамблея ұлттар достығының алтын көпiрiне айналып отыр. Бүкіл дүниежүзінде халықтар мен этностардың мүддесін ойлайтын аса мәртебелі Біріккен Ұлттар Ұйымы ҚХА-ның республикамызда қоғамдық өмірдегі атқаратын рөлін кішігірім біріккен ұлттар ұйымы деп атауы тегін емес. Себебі ҚХА дүниежүзілік деңгейде, Біріккен Ұлттар Ұйымында, ЕҚЫҰ-да өзінің жоғары бағасын алды. Қазақстан Халқы Ассамблеясы өз болмысы арқылы барлық ұлттар мен ұлыстардың басқа кез келген халықпен терезесінің тең, керегесінің кең екендігін көрсетіп отыр.

Мақал-мәтелдер

Тұрақты тіркестер
нужно


1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді табыңыз.

Показать ответ
Ответ:
homkagamaet
homkagamaet
02.03.2022 23:35

Ұнағанын ал

Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиян­ды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.

Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым ба­ғытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару­ болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, та­би­ғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз етуші ауыл шаруашы­лығына тікелей байланысты.

Климаттық өзгеру

Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Ангелина7102
Ангелина7102
17.05.2020 03:09

Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.

Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.

Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.

Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.

Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота