1—тапсырма Мәтінді мұқият тында.Тірек сөздерді түртіп ал.Сұрақтарға жауап бер. Пошта конвертін хаттың «киімі» деуге болады.Ертеректе хатты кайыңның қабағына жазып хабаршылар аркылы таратып отырган.Хатты кайда және кімге апаратынын жазатын орын болмагандыктан, оларды басқа ағаш кабыкка жазып, хатпен бірге жіппен байлап коятын.
Мұндай хаттарды жіберу ыңгайсыз болды.Себебі, оны кез—келген адам ашып, оки алатын еді.Сондықтан да адамдар жазған хаттарын мәтіні ішкі жагында калатындай етіп бүктеп қоятын болды.1820 жылы агылшыннын қағаз сатушы саудагері Бревер хат салатын калташа жасап шыгарды.Ол «конверт» деп аталды.«Конверт» сөзі «орап кою»,«айналдыру, бұру» деген магынаны білдіреді.Көп кешікпей конверт хаттан бөлініп, онын сырткы «киіміне» айналды.
«конверт» сөзі қандай магынаны білдіреді?
Алгашкы конверт қашан қашан және кай елде пайда болды?
Адамдардың конвертті ойлап табуына не әсер етті деп ойлайсың?
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова 1922 жылдың 23 қазанында Батыс Қазақстанда дүниеге келген, ата-анасы Мәншүктің бес жасында дүниеден озған. Сондықтан да Мәншүк Алматыдағы тумаларының тәрбиесінде болған. Сонда мектеп бітіріп, Алматы медицина институтына түскен. 1942 жылы институттың екінші курсынынан өз еркімен әскерге сұранған және әскерге шақырылған. Әскерде пулеметчиктер(атқыштар) курсын оқыған.
1943 жылы Псков облысының Невель қаласын жаудан құтқару кезінде басынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған. Сол шайқаста жетпістен астам жаудың көзін жойған. Жаужүрек қыз 21 жасқа толуына сегіз күн қалғанда қанды шайқаста қаза тапқан. Оған қайтыс болғаннан соң, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ер есімі- ел есінде.