В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Nastasia13z
Nastasia13z
01.10.2020 01:19 •  Қазақ тiлi

1 - тапсырма. Мәтінді муият оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. Manselege Qatysty uz oiyyzdy bildiriniz. Минез нақты адамдық шыншыл, адал, ақөңілдікке орай сипатталмайды, атаған сапалар әртүрлі жасаушыларда куринис беретин жек адам касиеттері. Adam minesin bilі ryp, onyk aldağy yqtimaldy ureketteri men kylqtaryn kuni ilgi barlastyrumen olar ola tyisti retteuler zhune tezetuler endiruge bolady. Мінезді адамдық қандай ерекетке келетінің жаңылмай, дул атуа болады. Алайда, жекеге тулға ерекшелікке бай келеди, ал солдық боры де адам минесин танытты деу haate. Мінез көрсеткіші адамдық барша жағдайлардағы мәңгі сипаты мен турақатты саталатының тадаулы касиеттері. Джейгер адам қандауда дау - дамайлы жағыдайда дөрекілік курсеце, сонда тпрпайылық пен ұстамсыздық аралар адамның төл касиеті дәу емес. Жайдары мнезді, адамдар адамдық өздері кей жайда мдаайып, сылбыр халге түсу мүмкін. Өмірге келумен бастаңның алу, адам өмірінің кендері өмір барысында қалыптасады, тормыс жадаилармен айғынды. Тұрмыс қалпы ыр адамдық ойлау, сезім, ниет, урекет сипатын бірлестігі анықтап барады. Манда адамдық боқыл өмірдің жан - жаты қамтықтан қоғамдық шарттар мен алеуметтік жадаилар мақызды келеди. Дегенмен, минездің нақтылы калптасуы ертурлі де дгеиде дамыкан топтарда (отбасы, достары, сонып, спорт командалары, еңбек ұжымы ж.т.б) калыптасады. Wasps топар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершілік, Қоғамдық бірлестіктер тауелді жұмысшылардың шахталары ерекшеліктері орнықты. Мінез биіестері, сонымен бірге тулағанның отбасыларының абыройы, топтық негізге алынбауы керексыңа, байланысты турақталап емес, аса қажет болса, өзгеріске түссеңдер Жогары еңгейлі дамыған топ, өзім минездің мұңды де онамды бістерінің қалыптасуына және қолданушыға арналған. Жақсы мыңезді адам қалаптастыра отрып, ұжым үз дәреже, әнге арттыра түсу ​


1 - тапсырма. Мәтінді муият оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. Manselege Qatysty uz oiyyzdy bildir

Показать ответ
Ответ:
vladacherry2003
vladacherry2003
04.01.2021 22:02

Сәлем дос!

Бұл сіздің елде қалай?

Сіз қалай өмір сүресіз?

Ауа райы қалай?

Бізде бәрі жақсы! (Өз қалаңыздағы ауа-райын, қандай көрікті жерлеріңізді жазыңыз)

Сіздің отбасыңыз қалай?

(жақсы, әдеттегідей қандай істермен айналысатындығыңызды жазыңыз, мысалы: «кеше біз шалғынға бардық, сол жерде пикник жасадық, құймақ пісірдік, шай қайнаттық және бәрін өзімізбен бірге алып кеттік, әкем әдемі орын тауып, Ол жерде шатыр, әпкем екеуміз (ініміз) әкеге шатыр тігуге, содан кейін анамызды жиналмалы үстелге қоюға көмектестік!

От жағып, әңгімелер айтып ұзақ отырдық «

Біз сіздің келуіңізді күтеміз!

Тезірек кел!

0,0(0 оценок)
Ответ:
islamovaemilia1
islamovaemilia1
07.06.2023 12:17

Объяснение:

«Мәңгілік бала бейне» - күллі қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңын жамылған шығарма. Ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталады. Оның туған жері Қарауылдың ащы болмысы мен әлеуметтік жай-күйі бейнеленеді. Ләйлә атомның әсерінен емес, а ң ісінен өз өмірімен қоштасады. Қоғамның лас әрекетіне шыдамаған Ләйләмен бірге оның Қарауылы, рухы, ұлты өледі. Мұңға толы шығарма негізінде қазақ киносының қоржыны тағы бір фильммен толықты. 2002 жылы белгілі режиссер Сатыбалды Нарымбетов экранға «Қызжылаған» фильмін шығарады. Жарыққа шыққан бойда фильм кеңінен танылып, халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жүлдегері атанып, үздіктердің қатарынан көрінді. Ләйләнің денесі кем болса да, оның жүрегі кең. Ләйлә - жаны тазы, көкірегі көркемдікке құштар жан. Театрдағы Ләйлә бейнесін Данагүл Темірсұлтанова сомдаса, кинодағы бейнесін Аянат Есмағамбетова сомдаған болатын.

Фильмнің ең өзекті бейнесі – ауыл көрінісі. «Дегелен» ауылы арқылы режиссер қазақ жерінің кеңдігін (бейнелі түрде), тұрғындары арқылы халықтың мейірбандылығын ашып айтқан. Бұл ауылда түрлі дін өкілдері жинақталған. Әр түрлі ұлттар да бас қосқан. Барлығы да тонның ішкі бауындай тату. Әсіресе, ауылдағы неміс отбасының тастанды үйіне кірмек болған мемлекет адамын Дегелен тұрғындары үйдің маңына да жолатпаған әрекетін көрсеткен, у-шуға толы кадр жанға сондай жылулық сыйлайды. «Кет! Бұл Геральдтің үйі, кетіңдер!», - деп айғайға басқан әйелдер мен соққыға алған ерлердің қылықтары көрерменге күлкі сыйлайды. Осыдан «бәріміз біріміз үшін» деген қанатты сөз ойға келеді. Ал осы мағыналы сөздің жалғасы «Біріміз – бәріміз үшін», бұл – Ләйлә. Фильмнің орысша атауы «Молитва Лейлы». Ләйлә қыздың «деніме шипа бере көріңізші» деп, жалбарынуы, терең түсінген жанға, жеке басына сұрап тұрған тілек-дұға емес екені түсінікті. Осыған байланысты кинотанушы Гүлнар Әбікеева былай баға береді: «Молитва Лейлы – молитва матери, молитва народа, молитва будущности казахской земли, изуродованной и измученной испытаниями и лишениями» [2, 211 б.]. Бұнымен толықтай келісуге болады. Ләйлә ауылында болып жатқан қайғы-қасіреттің қайдан шығып жатқанынан хабары болмаса да, айрандай ұйып отырған тұрғындардың бірлігін сақтап қалып, ертеңгі күнге жарқындық сыйлауды қалайды. (бұл фильмде ашық түрде көрсетілмесе де, талдау барысында сондай баға беруге болады) Сол себепті де, өмірден өткен ата-анасының бейітіне барып, ертеңгі күн үшін Алладан амандық тілейді. Ләйләнің бейнесі жеке кейіпкер ретінде толық ашылмағанымен, Жер-ана ретінде толықтай бейнесін ақтап шықты деуге болады. Бұны біз фильмнің соңғы кадрынан байқаймыз. Қолына сәби ұстаған ақ жаулықты ана. «В финале фильма режиссер представляет Лейлу с младенцем в образе Богоматери, оставляя надежду на то, что, может быть, ей и ее младенцу удастся выжить» [2, 211б.], - дейді Гүлнар Әбiкеева. Бұл жерде, Ләйлә мен оның бөбегін метафора ретінде қарастырғанымыз жөн болады. Ләйләнің о дүниелік атанған ата-анасы – өткен уақыт. Ләйлә – палигоннан жапа шегіп жатқан қоғамның бейнесі. Бала – болашаққа ашылған жарқын жол. Режиссер фильмнің эпиграфы ретінде: «Ни один народ не исчеснет из-за вражды людей, забывших, что по своему роду все они братья и сестры. Не дано людям убить то, что создано Свыше» - бекерге алынбаған сөйлем. Сонымен қатар, байқасаңыздар, фильмнің өн-бойы осы сөйлемнің айналасына жинақталған. Ең соңындағы болашаққа ашылған есік ананың тілеген дұғасы мен үміті. Ұлы үміттің ақталғанын режиссер дүниеге келген сәбимен көрсетеді. Осы сәбидің бейнесі туралы кинотанушы Баубек Нөгербек была деп жазады: «Ребенок, рожденный Лейлой – есть неземное, небесное чадо... Младенец, явивщийся на этот свет – это аллегорический образ новой жизни, нового начало» Сонымен, қорыта келгенде белгілі бір әңгіме немесе роман бойынша экрандалған шығармаларды бір арнаға жинақтап қарастыру өте күрделі мәселе. Себебі әдебиет пен кино өнерінің заңдылықтары әртүрлі. «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі мен «Қызжылаған» фильмінің өзара айырмашылықтары өте көп екенін жоғарыда айтып өттік. Екі шығарманың тақырыбы бір болғанымен, заты екі бөлек. Жазушы, Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінде жеке кейіпкердің бейнесі арқылы бүкіл қазақ халқының трагедиясы көрініс тапқан. Әр кейіпкердің бейнесін шебер аша білген. Ал, режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Қызжылаған» фильмі Дегелен ауылының тіршілігін бақылай отырып, тұрғындарға белгісіз сұмдық апаттың шыққан тегін анықтауға тырысады. Өткен мен бүгінді алға қойып, болашаққа жол сілтейді. Бұны біз фильмнің бастапқы қадрынан көрсетілген ұзын да ұзақ тунелдің жалғыз, көрінер-көрінбес жарығына ұмтылған камера қозғалысынан түсінеміз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота