1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Әдебиет ақындар мен жазушылардың дәргейіндегі дүние, а музыка мәдениетін композиторлар жасайды. Қазақтың байырғы, көне халықтық музыкасын да жеке өнерпаздар дүниеге әкелген. Бірақ уақыт өте келе ән мен күйді туған халқына паш етуші авторлардың аты-жөндері ұмытылып, көрі тарихтың жадынан есімдері өшіп қала берді. Тек ХІХ ғасырдан бастап халық жадында мәңгілік ұмытылмайтын ұлы таланттар шоғыры дүниеге келді. Атап айтқанда: Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Сайдалы Сары Тоқа, ықылас, Абыл, Қыздарбек, Есір, Дайрабай, Құлшар, Дина, Мәмен, Боғда, Әбди, Сүгір, Сембек, Сейтек сынды саңлақтар халқымыздың күй өнерін кемелдендірсе, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мұхит, Жаяу Мұса, Естай, Жарылғапберді, Мұстафа Бүркітбайұлы, Құлтума, Әсет, Мәди, Ғазиз, Сары, Иманжүсіп, Шашубай, Берікбол Көпенұлы, Тәуке, Иса, Нартай, Кенен тәрізді өнерпаз композиторлар мәңгі тозбас һәм қайталанбас ғажайып ұлы ән дәстүрін дүниеге әкелді. Жоғарыда аттары аталған «әнді ерттеп, күйді мінген кемеңгер- лердің» дарын қуаты мен талант тегеуріні? халқымызды музыка мәдениеті аса кемел биікке көтерілген ұлттардың қатарынан ла- йықты орнын алдырды. Е.Төлеутай АМәтінде берілген күйшілер мен әнші-сазгерлерді екі бағанға бөліп жазыңдар. Тізімді өздерің білетін әнші-күйшілермен толықтырыңдар. ә Мәтінде айтылған «халық өнерін жеке өнерпаздар тудырады» деген ойды жалғастырып, өз пікірлеріңді ортаға салыңдар. Б Мәтіндегі ойды жалғастырып, «Халық және өнерпаздар» тақырыбына эссе жазыңдар. O в Мәтіндегі көсемше мен есімшеден жасалған етістіктерді тауып, олардың қай шақта тұрғанын анықтаңдар.
(Поле осенью паши, если осенью не вспашешь, весной сто раз пахать придется. )
Егіндікті күз суар, күз суарсаң, жүз суар.
(Пашню осенью по сто раз поливай. )
Егілмеген жер жетім, елінен айырылған ер жетім.
(Сиротливо смотрится пашня, на которой не сеют, сиротою выглядит джигит без родины. )
Жеріне қарай егін ек, жолына қарай жегін жек.
(Про посевы знает тот, кто их засевает, про телегу знает тот, кто ее запрягает. )
Жастанғаның жапырақ, төсенгенің топырақ.
(Под голову листья стелятся, под тело земля ложится.)
Қазіргі уақытта Қазақстанда “ФудМастер”, “Адал”, “Смак”, “Қайсар”, “Агропродукт”, қымыз және шұбат өнімдерін шығаратын “Саяқ”, т.б. шетелдік және отандық компаниялар сүт өнімдерімен қатар сүтке әр түрлі биоқоспалар қосып, тәтті “БИО-С”, “Пеппи”, т.б. өнімдерді шығарады.
Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” дейді. Ақтан тағамдар әзірлеуде бірнеше мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де пайдаланған. Сүт тағамдарының құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол.