1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтін құрылымын сақтай отырып, ақпаратты графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) осы үшеуінің
бірін таңдап, сипаттап жазыңдар.
Қазіргі уақытта ауаны зауыт құбырларынан, жылу электрстансыларынан,
көліктерден шығатын түтіннен, қара күйеден, газ тәрізді заттардан және
шаң бөлшектерінен қорғау туралы мәселе тұр. Бұлардың барлығы ауаны
бұзып, шаңдатады, тірі ағзаларды жою қаупін тудырады. Улы заттарды ауа
ағындары тасымалдап, топыраққа, су қоймасына өзендер мен көлдерге
жаңбыр және қармен түсіреді.
Ауаны тазартудың ең негізгі әдісі саяжай, бақ, шалғындар,
көгалдандыру. Өсімдік жапырақтары шаңды, майда, қатты заттарды ұстап
қалады. Бір гектар шыршалы немесе қарағайлы орман жылына 30 тонна
шанды ұстап қалады. Орман ауаны шаңнан, күйеден, кірден сақтайды.
Өсімдіктер атмосфераны көмірқышқыл газынан тазартады. Фотосинтез
процесінде олар көмірқышқыл газын сіңіріп, атмосфераға оттегін бөледі.
Қалалар мен ауылдарды көгалдандыру мақсатында түтінді жақсы сіңіретін
өсімдіктерді отырғызады.
Ұят туралы. Ұят қайдан шықты?
Ұят. Абайдың ілімінде, оның даналық түсінігінде адамның адамшылығы, ең игі қасиеті – жан сақтау емес, ар сақтау.
Ары таза адамның шыққан биігі әдемі көрінеді. Өйткені, ол не нәрсеге қолы жетсе де, таза жетеді. Оған ешкім барып даурығып, шекпенін шешіп ала алмайды. Негізі, ар, ұят, намыс – адамның иманының деңгейін көрсететін негізгі қасиеттер.
Абай өзінің бір сөзінде "Ұят кімде болса, иман сонда" деген хадисті келтіреді. Ал сол ұят деген не өзі? Біздің бойымызда бар ма? Болса, қандай ісімізге ұяламыз? Осы "ұят" деген ұғымның шеңберінде Абайға сүйеніп әңгіме өрбітіп көрейік.
Надандықтың ұяты
Абай: "Бір ұят бар – надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді" дейді. Шынында да, өзі кінәң болмаса, ешкімнің алдында жазықты болмасаң, болмайтын жерде қысылып, қызара кету – надандықтың көрінісі. Ол есейіп ер жетсе де, әлі ішкі жасы есейе қоймаған, өзі ел алдында ұялатындай іс жасамаса да, артында ынжықтығы басымырақ келетін сипат. Абай оны "Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес – ақымақтық, жамандық" деп бір-ақ қайырады.
Надандық, жамандық, ақымақтық деуінің де жөні бар. Мысалы, бір адам өзінің ауруын айналасынан жасырса, ол ұяттан емес. Ол надандықтан. Айтсын, емделсін.