В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
vladlena24
vladlena24
14.06.2021 15:24 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Прочитай текст и ответь на вопросы.
Дүниежүзіндегі жеңіл автокөліктер жылына 1 триллион литрдей жанармай жағады. Қазіргі таңда шамамен 806 миллион көлік құралы бар екен. Көліктің саны да, ауаға шығарылатын зиянды газдың көлемі де қарқынды өсіп келеді. Ал оларға қажетті табиғи отынның қоры азайып бара жатыр.
Жердегі қуат көздері тиімді пайдалануға шындап кіріскен болсақ, әуелі адамзат үшін аса маңызды көлік мәселесін тиімді шешу керек. Ал оның қандай жолдары бар? Көлікте пайдаланылатын биоотынның екі түрі бар: биодизель және этанол. Биодизельмен жүретін көліктер дизельді отын мен өсімдік майының қо жүреді. Этанолды көлік қант құрағы, жүгері немесе арпа сияқты дақылдардан жасалатын отынмен жүреді. Биоотын да парниктік газдар шығарады, бірақ оның мөлшері табиғи отынға қарағанда аз.
Электр көліктер тек электр энергиясымен қозғалады. Олардың үнемі зарядталатын үлкен аккумуляторлары бар. Олар атмосфераны ластамайды, бірақ қуаты біткен аккумулятор он сағатқа дейін күш жинайды және оларды электрмен қамтамасыз ету парниктік газдар шығаратын электр станциялары арқылы ғана жүзеге асады.
Сутегімен жүретін көліктер ең тиімді эко-көлік технологиясына жатады. Сутегімен жүретін көлік шығаратын жалғыз ғана қалдық – су, сондықтан да бұл ең таза экокөлік технологиясы деп танылған. Бірақ, мұндай көліктер жасау өте қымбат және көпшілікке қолжетімді болғанша көп уақыт керек.

Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Табиғи отынға қарағанда биоотынның ерекшелігі неде?
2. Қуаты азайған аккумуляторлар қайтадан қалай қуаттандырылады?
3. Көліктердің қай түрі зиянсыз?
4. Сумен жүретін көліктерді шығаруда қандай мәселелер бар?

2-тапсырма
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, болжалдық және бөлшектік сан есімдерді пайдаланып, мәтін құрастырыңыз. Выбери один из предложенных тем составь текст используя примерные и дробные числительные.
Ұсынылатын тақырыптар:
ЭКСПО – 2017
Жаңа өнертабыстар көрмесі
Болашақтағы кітапхана
Медицина саласындағы жетістіктер
Өмірді жеңілдететін өзгерістер
Адамзаттың ұлы өнертабыстары​

Показать ответ
Ответ:
gyfetyrt
gyfetyrt
17.11.2020 10:01

1 - тапсырма

1. Биоотын жер үсті энергия көздерінен жасалады. Қант қамысы, жүгері немесе арпа сияқты дақылдардың ішінен. Биоотын атмосфераны ластамайды.

2. Батареялар электр станциялары арқылы зарядталады.

3. Сутегі автомобильдері зиянсыз көлік түрлеріне жатады.

4. Мұндай көліктер жасау өте қымбат және көпшілікке қолжетімді болғанша көп уақыт керек.  

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота