В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
AnnHaylen
AnnHaylen
04.10.2020 07:49 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орында.
Әлемдегі ірі кітапханалар
«Кітап –білім бұлағы» немесе «Кітап –ізгілік пен руханилық айнасы» деп жатамыз. Ал сол инемен құдық қазғандай болатын білім бұлағының негізгі мекені – кітапхана. Кітапхана – білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орда десек, артық айтқандық емес. Кітаптың иісі мен тыныштық жайлаған осындай кітапханалар – кітапсүйер қауымның сүйікті мекені. Олай болса, бүгін өз оқырмандарымызға әлемдегі ең танымал әрі ең үлкен кітапханалар туралы әңгімелейтін боламыз.
Конгресс кітапханасы Конгресс кітапханасы Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттардың Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Қазір кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен. Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 миллионнан астам сурет бар. Қазіргі таңда кітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон.
Британдық кітапхана Ұлыбританияның ұлттық кітапханасы болып табылады. Кітапхана Лондонда орналасқан және әлемнің аса үлкен кітапханалары қатарында. Онда әлемнің ең танымал тілдеріндегі 150 миллионнан астам едәуір құнды ақпарат, кітаптар, газеттер, бейнеақпараттар, әуенді жазбалар, карталар, суреттер жинақталған. Оған қоса мұнда 25 миллионға жуық сирек кездесетін қолжазба мен кітаптардың жинақтары бар. Аталған қолжазбалар б.з.д. 300 жылдардан хабар береді. Көлемі жөнінен әлемде АҚШ-тағы кітапханадан кейінгі екінші орында тұр.( HYPERLINK "https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/2855" https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/2855)

1. Бірінші азатжолдағы асты сызылған үстеудің мағыналық түрі
A) күшейткіш
B) себеп-салдар
C) мақсат
D) сын-қимыл
E) мезгіл
2. Мәтіннің үшінші азатжолындағы үстеу саны
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
E) 5
3. Саналады етістігінің құрамы қандай?
A) негізгі, салт, болымды
B) негізгі, сабақты, болымды
C) туынды, салт, болымды
D) туынды, сабақты, болымсыз
E) негізгі, салт, болымсыз
4. Берілген етістігі қай етіске жатады?
A) өздік етіс
B) өзгелік етіс
C) ырықсыз етіс
D) ортақ етіс
E) дұрыс жауап жоқ
5. Мұнда үстеуінің құрамы қандай?
A) негізгі, мекен
B) негізгі, мезгіл
C) туынды, мөлшер
D) туынды, мекен
E) туынды, мақсат
6. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Асты сызылған күшейткіш үстеудің синонимін көрсет.
A) өте
B) тіпті
C) сәл
D) мүлде
E) едәуір
7. Үшінші азатжолдағы асты сызылған үстеудің мағыналық түрі
A) күшейту
B) мекен
C) мөлшер
D) мақсат
E) мезгіл
8. Едәуір сөзінің синонимі
A) біраз
B) тым
C) аса
D) өте
E) мұнша
9. Екінші азатжолда асты сызылған үстеудің түрі
A) туынды мақсат үстеу
B) негізгі мекен үстеу
C) күрделі, мезгіл үстеу
D) туынды, мезгіл үстеу
E) негізгі, мезгіл үстеу
( )

2-тапсырма. Мәтінде орын алған мәселелерді анықтап, жинақы мәтін жаз. Сөз саны: 60-70 сөз. Мәтіндегі 1 үстеуге морфологиялық талдау жаса. ( )

Показать ответ
Ответ:
Араиприпо
Араиприпо
06.05.2020 12:30

1.В

2.С

3.С

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота