1.Тапсырма Мәтінді түсініп оқыңыз. Әлемнің жаңа жеті кереметі Әлемде сан мың түрлі керемет бар. Тарихи тамаша жәдігерлерге қарап, табиғат пен адамның шеберлігіне таңдай қақпау мүмкін емес. Әлемнің жеті кереметі атауы аңыз бойынша, өзінің жаулап алған жерлерінен әлем саяхатшыларын қызықтыру мақсатында арнаулы 7 орынды белгілеген – Ескендір Зұлқарнайын заманынан қалған. Олардың қатарына: Мысыр пирамидалары, Бабылдың аспалы бағы, Эфестегі Артемида ғимараты, Зевс мүсіні, Галикарнастағы табытхана, Гелиос мүсіні және Александрия шамшырағы кіреді. Алайда қазіргі күндері әлемнің жаңа жеті кереметі пайда болды. Бұл тізім - алдыңғы тізімнің жаңғыртылған нұсқасы. Әлемнің жаңа жеті кереметі 2007 жылы Португалиядағы «Үш жетілік» күнінде көпшлік назарына ұсынылған болатын. Назарларыңызға әлемнің жаңа жеті кереметін ұсынамыз: 1. Қытай Ұлы Қорғаны 2. Колизей (Рим, Италия) 3. Мачу-Пикчу (Оңтүстік Америка, Перу) 4. Петра (Иордания) 5. Тәж Махал (Үндістан) 6. Иса Пайғамбар мүсіні (Бразилия) 7. Чичен-Ица (Солтүстік Америка, Мексика) Естеріңізге сала кетейік, 18 сәуір - халықаралық ескерткіштер мен тарихи жәдігерлер күні. Бұл күн 1983 жылы ЮНЕСКО шешімімен бекітілген болатын.
Мой ответ
1. Мақаланың құрылымы мен рәсімделуін анықтаңыз. *
Мой ответ
2. Мақаланың түрлеріне анықтама беріңіз.
Мой ответ
3. «Әлемнің жаңа жеті кереметі» мәтіні қандай жанрда жазылған? Дәлелдеңіз. *
Мой ответ
«Әлемнің жаңа жеті кереметі» мәтінінің негізгі ойын сақтай отырып, ықшамдап жазыңыз *
Мой ответ
Абай - даналықтың бастауы.
Жоспар.
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Абай - біртуар дара тұлға.
2. Абайдың шығармашылығы.
Қорытынды.
Абай Құнанбаев осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руынын ішінде 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі — Құнанбай, атасы — Өскембай, арғы атасы — Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар.
Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Абай — ұлы ақын әрі ойшыл. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.
Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.