В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Gdngz
Gdngz
08.08.2020 02:53 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма Мәтінді түсініп оқып, идеясын талқылаңыз. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.
1-мәтін
Қиял туралы жалпы ұғым
Ертегі десе әдетте әрдайым шындық, әділет жеңетін, ізгілік үстемдік құратын, бай мен
кедей теңесетін әлем ретінде қабылдаймыз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан
қыз ауқатты жігіттің етегінен ұстаса, оны Күлше қызға теңеп жатады. Бірақ Күлше қыз
ауқатты отбасынан болған. Жай ғана кедей шаруаның қызы болса патша сарайында би
кеші өтетінін қайдан білсін?! «Сұлу мен Құбыжық» ертегісінде жазушының айтпағы, сырт
келбеттің маңызды емес екендігі болса, кейіпкер неге соңына дейін құбыжық болып қала
бермейді? Неге құбыжық та, бақа да қарапайым жігіт емес, ханзадаға айналады? Адамның
сырт келбетті жоғары қоятыны, билікті, байлықты аңсайтыны ертегілерде де көрініс
тапқан сияқты. Ал сіз ертегілерден қандай шындықты байқай алдыңыз? Сайып келгенде
ертегілер мен шынайы өмір ұқсас па?
2-мәтін
Қиял
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік
образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән
психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік
сақталатын төзімділікпен заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда
болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға
түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап,
өңдеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.

Показать ответ
Ответ:
Stepanych2017
Stepanych2017
20.11.2021 11:59

«Жердің көркі ағаш» шағын әңгіме.

Бір сәт айналамызға зер салып қарайтын болсақ, жердің, табиғаттың көркі ағаш екенін байқаймыз. «Бәр тал кессең, он тал ек» деген халық даналығы да бар емес пе? Яғни, ағаштарды табиғаттың ерекше жаратылысы деп білуге болады, себебі ағаштардың қоршаған ортаға тигізер пайдасы орасан зор. Өзіңіз қараңызшы: демалуға қажетті оттегіні бөліп шығарады, күннің ыстығында көлеңке береді, құстарға пана болады, жан – жағына көрік сыйлайды, табиғаттағы тепе-теңдікті сақтайды, көшедегі шудың азаюына да ықпал етеді, олардың түбінде саңырауқұлақтар өседі,  тіпті, ескі ағаштарды отынға да жаратуға болады. Айта берсек, ағаштың пайдасы көп. Осыны білген дана халқымыз «...Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді...» деп бекер айтпаса керек.

Соңғы уақытта экологияның нашарлауы салдарынан және басқа да келеңсіз жағдайлар себебінен ағаштар саны күрт азайып барады. Сондықтан еліміз бойынша жас көшеттерді отырғызу науқандары жүргізіліп, бұл шараға барлық мектеп пен орта және жоғары оқу орындарының шәкірттері түгелдей ат салысуда. Осылайша жасыл желегіміздің саны артып, айналамыз одан да құлпыра түспек. Болашақта осы жастарымыз еккен ағаштар келер ұрпаққа үлгі болады деп сенеміз.

0,0(0 оценок)
Ответ:
seimar2
seimar2
05.02.2023 11:08

Етістіктерді бұйрық рай формасына қойып, сөйлемдер құрау.

Кітапхана бармас бұрын алдын – ала жұмыс істеу куақытын біліп ал.

Сабақтан келіп, тамағыңды ішкен соң сабағыңды оқы.

Демалыс күндері анаңа үй шаруасын істеуге қолғабыс жаса.

Кішкене қарындасыңа сабақ оқуға көмектес.

Қолың бос болса, кешкі асты дайындай сал.

Пәтерақыны уақытында төлеп тұрыңдар.

Енді кітаптың он тоғызыншы бетін ашыңдар да, ережені оқыңдар.

Үйге келе жатқанда нан сатып ала салшы.

Жаулауда малға ие бол.

Ағаң бар кезде компьютердің қолданылуын игеріп ал.

Әжең туған күніңе сыйға тартқан гүлді аялап өсір.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота