В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
ruslansuxenco3
ruslansuxenco3
21.08.2020 06:10 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтіндердің стилін, тақырыбын, құрылымын салыстырыңыз және қандай сипатта жазылғандығын (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) анықтаңыз.
[5]
А мәтіні
Экология ғылымы адам мен табиғаттың, қоршаған ортаның, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің бір-бірімен арақатынасын, олардың үйлесімді дамуы мен сақталуын зерттейді. Ол биология, география, жаратылыстану, химия, физика ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды. Оның биоэкология, геоэкология, әлеуметтік экология, инженерлік экология, медициналық экология сияқты салалары бар. Олардың басты мақсаты – табиғат пен жануарларды қорғау. Арал – Қазақстандағы Каспий теңізінен кейінгі екінші үлкен көл. Ол өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап тартылып, экологиялық қауіпті аймаққа айналды. Сондықтан Қазақстанда Сырдария өзенінің сағасын реттеу мен Арал теңізін қалпына келтіруге арналған арнайы жоба жасалып, Солтүстік Арал теңізі сақталып қалды. Бұл – табиғатты қорғаудың үлгісі. Қазақ даласын ерте замандардан бері мекендеген жануарлардың бірі – құлан. Кеңес заманында олардың саны күрт кеміп, жойылуға аз-ақ қалды. Қазақстанда құландарды сақтап қалудың арнайы жобасы аясында олар «Алтынемел» табиғи қорығына жеткізіліп, мемлекет қамқорлығына алынды. Соның нәтижесінде олардың саны қазір 3000- нан асты. Бұл – жануарларды қорғаудың үлгісі. Табиғат – біздің досымыз. Оны қорғау – әркімнің абзал борышы.

Ә мәтіні
Халқымыздың ұлттық қасиеттерінің бірі іштартқан адамын, жақын жұрағаттарын саяттыққа алып шығу болса, енді бір ерекшелігі жақсы көріп, ұнатқан адамын аққу, бұлбұл, сандуғаш, самұрық, тоты сияқты құстарға немесе ақмарал, ақбөкен секілді дала аңдарына теңеуі дер едік. Бұл – бүгіннің ғана емес, жүздеген жылдың жемісі. Әрі ертеңгі күннің де қадірменді еншісі болмақ. Небір таңғажайып ертегілер мен батырлар жырында, орақ ауыз, от тілімен халықты аузына қаратқан ақындарымыздың өлең-жыр, қисса-дастандарында осынау табиғат базары – аң-құстың атауын соншама мол кездестіресіз. Адамның өзі табиғаттың жемісі болса, адам мен аң-құс арасында сырт көзге болжана бермейтін үйірлік, қимас достық бар. Өткен ғасырларда қазақ сахарасын құлан, жолбарыс, жабайы жылқы, жабайы түйе мекендеген деп естиміз. Ал қазір республиканың қай түкпірінен де құлан мен жолбарысты баяғыдай кездестіре алмайсыз. Жоңғар Алатауындағы бұғы, таутеке, арқар, түлкі, Іле, Балқаш және Арал теңізі қамысы арасындағы топ-тобымен жортып жүретін жолбарыс, Орал жағындағы үйір-үйір жабайы жылқылар; Алтай қойнауындағы сабылысып, бүкіл тауға сыймай жүретін маралдар; Барсакелместегі құландар, Сауыр, Тарбағатай, Қарқаралы, Баян тау, Ұлытау, Үстірт, Маңғыстау маңындағы тастан-тасқа секіріп, қойдай өріп жүретін қисапсыз арқар, таутекелер қайда бұл күндері? Оны қоя тұрғанда түлкі, қоян, еліктің азайып кетуі неден? Біздің қолымызда бұлтартпайтын бір факт бар. Ол – аң-құстың азайып бара жатқандығы. Иә, мүлдем азайып барады.
А мәтіні Ә мәтіні
Тақырыбы

Қандай стильде жазылған?

Мәтіндердің құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды) толық сақталған ба?

Мәтіндер қандай сипатта (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) жазылған?

Показать ответ
Ответ:
степан169
степан169
15.03.2021 06:20

Қандай стильде жазылған? екінщі ситилде

Мәтіндердің құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды) толық сақталған ба?

жоқ дұрыс сақталмаған

Мәтіндер қандай сипатта (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) жазылған?сипаттау

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота