1- Тапсырма Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Берілген үлгі бойынша мәтіндерге талдау жасаңыз.
Домбыра туралы аңыз
Ертеде жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап келе жатқан бір батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Батыр көлеңкеге отырады. Жанындағы ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тағады. Өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспаптан ешқандай дыбыс шықпайды. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағашты көреді. Шошыған батыр мұны шайтанның ісі деп ойлайды. Сонан бері, бұл ағаш “шайтан тиек” деп аталып келеді.
Домбыра - кең таралған ұлттық музыкалық аспап
Домбыра - қазақ халқының өте ертеден кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Аспап ағаштан жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі, құлағы, тиегі, шанағы болады. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ.
Домбырада ойнау, домбыраны тыңдау ғажайып сезімге бөлейді. Домбыра туралы айтқанда қазақы тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі елестейді. Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы қазақ халқының барша қасиетін түсінуге болады.
Домбыра арқылы адам ішіндегі түрлі ойлардан тазарып, күш-қуатын жөндейді. Домбыра аспабын меңгеру арқылы адамның ойлау қабілеті артады, білім алуға құштарлығы оянады, еңбек етуге құштарлығы жоғарылайды.
Екі мәтіннің ұқсастығы
Екі мәтіннің айырмашылығы
1-мәтін 2-мәтін
Идеясы
Аудиториясы
Мазмұны
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады.
Саяхатқа шығу.
Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол - ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.
Келешекте тек Қазақстан қалалары ғана емес, сонымен қатар алыс шетелге де сапар шексем деп армандаймын және осы арманым іске асу үшін мен сабақты жақса оқып, шет тілдерін меңгеруім қажет.