В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
elmalfoy73
elmalfoy73
01.03.2022 08:11 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма Мәтіннің мазмұны бойынша төрт сұрақтан жазып, өзара диалог
құрыңдар |3|
Ұлы Жібек жолы
і
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-
бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас
ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы
өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен
алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар жәрмеңке,
сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы
болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек
жолындағы тағы бір тарихи қала Иасы, кейіннен Түркістан атанған.
Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет
Иассауидің кесене ғимараты бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің
керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа
аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым
Әбу Насыр ибн Мұхаммед шыққан қала.
Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни,
Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы
саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі
биік қалалардың бірі болып қалған. Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы
Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі
мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі
шеберханалар,
наубайханалар
орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы
сауда базарын көргендер «Тараз базары - алем айнасы» дейтін.
Себебі, бұл жақта кез келген
дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.​

Показать ответ
Ответ:
Dreamer0
Dreamer0
03.05.2021 13:41

Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғабит Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де – «Ұлпан» романы. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, романда көрінетін Ұлпан тек қана жазушының өз шығармашылығы емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби бейне. Жеті мың бетке жуық қолжазба, жазу кітапшаларын қалдырған Леонардо да Винчиге еліктеген қазақтың сөз зергері Ғабит Мүсірепов қойын дәптеріне "Менің Джокондам – Ұлпан" деп жазған екен. Сондай-ақ қаламгер "Тұтқын қыз" атты кітабында былай дейді: "Ұлы суретшімен жарысқа түстім десем, оным барып тұрған астамшылық болар еді. Мен онша ақымақ болмасам керек. Әрбір жазушының ойында әр кезде өзімен бірге жасасып, толыға түскен бейнелері болу керек. Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі т.б. Джоконда да маған мұңайыс пен жымию сиқыры сияқты елестейді. Мен сиқырға бара алмадым, кәдулігі тірі әйел бейнесін жасамақ болдым. Горькийдің бағытын ұстадым. Ұлпанда романтизм бар деп те ойлаймын. Орыс сыншылары Ұлпан бейнесінде аңыз бар десті. Мен жоқ деймін. Ұлпаннан бірнеше ғасыр бұрын өткен Абай, Қарқабат, Ақкелің, Домалақ ене, тағы басқа да рулы елге ұран болған әйелдеріміз болған ғой!" деп жазады.

Объяснение:

1 тема

0,0(0 оценок)
Ответ:
serega5152
serega5152
20.11.2020 14:58

Досым (досыңның есімін жаз): Сәлем! Қалайсың?

Мен(өзіңнің есімің): Сәлем! Өте жақсы!

Досым (досыңның есімін жаз): Сен қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері болған Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білесің?

Мен(өзіңнің есімің): Мен Ахмет Байтұрсынұлы туралы көп мәліметтерді білемін. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор.  Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалған.

Досым (досыңның есімін жаз): Керемет! Тағы қандай ақпараттар айта аласың?

Мен(өзіңнің есімің): Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлы "Оқу құралы", "Тіл тағылымы", "Әдебиет танытқыш" сияқты әдебиет пен қазақ тіліне байланысты кітаптар жазған кісі. Оның бұл еңбектері қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады.

Досым (досыңның есімін жаз): Сен Ахмет атамыз туралы өте көп мәліметтер біледі екенсің! Бұл ақпараттарды қайдан білдің?

Мен(өзіңнің есімің): Мен бұл мәліметтерді кітапханадағы 6-томдық энцеклопедиялық кітаптың "Ахмет Байтұрсынұлы" бөлімінен оқып білдім. Сенде ол кітапты алып оқысаң болады.

Досым (досыңның есімін жаз): Рақмет! Менде ол кітапты оқитын боламын. Сау бол!

Мен(өзіңнің есімің): Сау бол!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота