1-тапсырма. Мәтіннің әр бөлігіне тақырып қою. Бағалау критерийі:Мәтін бөлігіне сай тақырыпты табу
Дескриптор:Мәтін бөлігіне сай тақырыпты табады
1.Сақ патшайымы-Тұмардың /ж.ж.с.д.570-520/есімі ежелгі жазбаларда «Томирис» деп көрсетілген.Тұмар-массагеттердің патшайымы, скиф халқының көсемі-Ишпақайдың ұрпағы,скифтердің патшасы-Мадийдің шөбересі,массагеттердің патшасы-Сыпырдың қызы. Патшайымның анасы Томиристің сәби шағында қайтыс болған.Кішкентай қызды әкесі тәрбиелейді.
2.Томирис бала кезінен әскери қимыл мен қару-жарақ пайдаланатын ортада өскен.Әкесімен бірге жаулардан бірнеше рет қашып құтылған.Ал бес жасынан бастап асау атқа мініп жүрген.Алты жасында қолына ақинақ-қысқа семсер ұстап,соғыс өнеріне жаттыға бастаған.
3.Парсылардың Кир патшасын жеңген соң Томиристің аты тарихта қалған.Кир патша шығыстағы массагеттерді жаулап алуды көздеген. Алдымен,Кир көшпенділер еліне елші аттандырады. Олардың патшайымы-Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды.Осылайша Кир массагеттермен соғысуға сылтау іздейді. Тұмар Кир патшаның/ж.ж.с.д.588-530/ұсынысын қабылдамайды.Осыны сылтау еткен Кир жауынгерлерін шығысқа қарай аттандырады.Арақс дариясына жетіп,үстінен қалқыма көпірлерді құруға, кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуға әмір етеді.
1) Томиристің тегі
2) Томирис патшайымның батылдығы мен өнері
3) Томиристің Кирді жеңіуі