В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Aru212
Aru212
06.01.2021 23:34 •  Қазақ тiлi

1- Тапсырма Оқушылар мәтінді оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, детальді ақпаратты анықтайды, өз сөзінде қолданады, шынайы өмірмен байланыстырады.

Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі детальді ақпаратты анықтап, мазмұндауда қолданыңыз. Ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз

Оқылым

Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

[7]

Су

Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол – мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су, қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі, ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады.

Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі. Ондай ойысқа су толса, көл пайда болады. Көлемі әртүрлі. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады.

Каспий - дүниежүзіндегі ең ірі көл. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың километрден қашықтыққа созылып жатыр. Тереңдігі - 800 м. Балық көп.

Құбырдан алынған су 100% таза бола бермейді. Ол өзеннен хлор қосылып, тазартылып келеді. Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен. Ол - су, шай, шырын, сусын, минералды су. Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек. Себебі, қайнамаған судан кейде гипатит ауруына да шалдығып жатады. Оның құрамында микробтар болуы мүмкін.

1. Адамның денсаулығына қатысты айтылған абзацты белгілеңіз.

A) 1

B) 2

C)3

D) 4

2. Мәтін мазмұнына қатысты мақал-мәтелді табыңыз.

А) Адам қайғысы - заман қайғысы.

В) Су - тіршілік көзі.

С) Күн күркіресе, көк дүркірер.

D) Жаңбыр жауса - жер ырысы

3. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.

жер ойық 1б

кішкентай 1б

ішетін су 1б

4. Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпараттарды ажыратыңыз.

Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат [2]

5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды жазыңыз.

[2]

2- Жазылым

Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп эссе жазыңыз.

[8]

1. Қазақ спортшыларының әлемге танылуы туралы дәлелдер келтіре отырып эссе жазыңыз

2. Қазіргі кезде қазақтың салт-дәстүрлерін өзгертіп жатады, бұл дұрыс па? Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп эссе жазыңыз.

Сөз саны:140-160

Показать ответ
Ответ:
Даринёк
Даринёк
12.11.2020 16:13
Тілім менің
Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.
0,0(0 оценок)
Ответ:
саня1362
саня1362
25.03.2020 06:30
Пословицы о Родине

1. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.

2. Өз елім, өлең төсегім.

3. Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.

4. Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің барінен жақсы.

5. Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.

6. Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.

7. Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат.

8. Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.

9. Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота