1-тапсырма. Оқылым. Берілген олендердi окып, тапсырмаларды орындацыз. Прочитайте стихотворение и выполните задання 1-олеп Ак киiмдi, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Усті-басы ак кырау, түсі суық. Баскан жерi сықырлап, келiп калды. Дем алысы-үскірік, аяз бен кар, Кәрi кулап кыс келiп, элек салды. Yипадай боркiн киген окшырайтып, Аязбенен кызарып ажарланды. 1-мәтiн 1-стих 2-олец Жаздыгүн шілде болганда, Когорай шалгын, бойшешек Ұзарып өсіп толганда, Күркіреп жаткан өзенге Кошiп ауыл конганда. Шұрқырап жатқан жылқының Шалгыннан жоны кылтылдап, Ат, айгырлар, биелер Бүйірі шыгып, ыңкылдап, Суда турып шыбындап, Куйрыгымен шылпылдап Арасында кулын-тай Айнала шауып бұлтылдап, Жогары-томен уйрек, каз Ушып турса сымпылдап. 2-МӘТIН 2-стих Олендердiн авторы кім? Кто автор этих стихов? Айырмашылыгы Различия Уkcастыктары Сходства с сором по каз.яз
Адал еңбектің наны.
Қазақ халқы қашан да еңбекке аса үлкен мән беріп, бала тәрбиесінде де еңбекқорлықты маңызды санаған. Бұған дәлел ретінде «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдардан еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін аңғаруға болады. Ал еріншектік, жалқаулық жақсы қасиетке жатпайды. Тіпті ұлы дана Абай атамыз да еріншектікті бес дұшпанның біреуі санаған.
Сондықтан балаларды кішкене күнінен еңбекке құштар қылып тәрбиелеп, адал еңбекпен тауып жеген нанның тәтті болатынына үйрету керек деп есептеймін.Себебі, біз еңбектенудің арқасында көптеген нәрселерге қол жеткіземіз. Мысалы, күнделікті ішіп- жейтін тамағымыз бен киетін киіміміздің өзі еңбекпен келеді.
Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады.
Менің ағам адал еңбегінің арқасында өз отбасын асырап отыр. Таң атқаннан бастап, кеш батқанша дейін малды баптап, соның арқасында ақша тауып, күн көріп отыр. Малды бағу да оңай шаруа емес - малдың жейтін шөбі, уақтылы алатын екпелері, жайлауға шығару, су беру деген сияқты шаруалар бастан асып жатыр. Ағам осы мал бағу шаруасына балаларын да баулып, өз еңбегімен тапқан нанның тәтті болатынын өз мысалы арқылы көрсетіп отыр. Сондықтан да «еңбек түбі береке» екенін жадымызда ұстаған абзал.
Объяснение:
Тест жауаптары.
1. Синонимнің анықтамасын белгілеңіз.
E) Айтылуы әр түрлі, мағынасы ұқсас сөздер.
2. Қазақ әліпбиіндегі әріптер санын анықтаңыз.
C) 42.
3. Тек қатаң дауыссыз дыбыстары бар сөз қатарын белгілеңіз.
C) Қатық, тас, көк.
4. Барыс септігінде тұрған туынды зат есімді белгілеңіз.
B) Бишіге, оқушыға.
5. Тұрлаулы сөйлем мүшелерін көрсетіңіз.
A) Бастауыш, баяндауыш.
6. Мемлекеттік туымыздың авторы кім екенін көрсетіңіз.
E) Ш.Ниязбеков.
7. Түбірлес сөздер бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Биші керемет би биледі.
8. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойыңыз.
Әмина әже немерелері... орманға келді.
E) -мен.
9. «Түп-түзу ...» сөз тіркесіне сәйкес келетін сөзді табыңыз.
B) Қайың.
10. Ортақ етісті анықтаңыз.
C) Сөйлесті.
11. Мезгіл үстеу нені білдіретінін анықтаңыз.
D) Іс-әрекеттің жалпы мерзімін, уақытын білдіреді.
12. Сұраулық шылауы бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Бүгін тойға келмегендер бар ма?
13. Одағай сөйлем соңында келсе, алдына қандай тыныс белгісі
қойылатынын көрсетіңіз.
A) Үтір.
14. Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшені белгілеңіз.
Гүлден ерте тұрды.
A) Пысықтауыш.
15. Шартты бағыныңқылы cабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын
көрсетіңіз.
B) -са, -се.
16. Төл сөзге қажетті тыныс белгісін табыңыз.
«Көп сөз айтудың қажеті жоқ», деді бауыры.
A) Дефис.
17. Фразеологиялық тіркестің мағынасын белгілеңіз.
Иман жүзді.
D) Мейірімді.
18. Сөйлемдегі антоним сөздерін көрсетіңіз.
B) Қараңғы қанша дүниеде, дүниеде қанша жарық бар?
19. Жіктеу есімдігінен болған сөз тіркесін белгілеңіз.
B) Оған айтты.
20. Жақты сөйлемді табыңыз.
E) Басқаны ауызға да алмаймын.