В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
user41
user41
29.04.2020 22:08 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Оқылым. Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орында.

Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1871 жылы қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 жылы Қазанда «Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті тақырып етіп көтереді. Екі ақын өздері тұрған екі өңірдің жақсы-жайсаңдарының сан алуан адамгершілік қасиеттері мен келеңсіз іс-әрекеттерін жайып салып, оларға халық талабына сай келетіндей баға беріп отырады. Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал басынан амандасу рәсімін өз бойында дос тұрмақ дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлудың, шебер ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Айтыс алғашында рулық бағыт алса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнер сайысына, көркем де кестелі сөз жарысына айналады. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдік туралы пікірлері, эстетикалық талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан мен Сараның 19 ғасырдағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. Айтыс негізіндегі Қ. Жұмалиевтің либреттосы бойынша 1946 жылы М. Төлебаев «Біржан — Сара» операсын жазды.

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақтар Жауаптар

Айтыс қандай мәселелерді қозғады?

Айтыс негізінде қазақ әдебиетінде қандай туындылар дүниеге келді?

Екі ақынның арасындағы айтыс қағаз бетіне қашан түсірілді?

Біржан Жетісу жеріне қандай мақсатпен келді?

[4]
2. Берілген сөздердің синонимдерін мәтіннен тауып жазыңыз.
Ең бірінші –
Еркіндік –
Жарыс –
[3]

2-тапсырма. Жазылым. «Айтыс өнерінің қоғамдағы маңызы қандай?» деген тақырыпта алған ақпараттарды жинақтап, 70-80 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Мәтінде рай түрлерін қолданыңыз.

[6]

Показать ответ
Ответ:
lnstagramDeviza
lnstagramDeviza
25.09.2022 22:10

Мен барған мұражай - Нұр-сұлтан қаласындағы, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы. Ол жерге кіру 700тг. Алтын Адам бөлмесі 2000тг. Мұражай іші қазіргі заманауи стильде жасалған. Ата-бабаларымыздың қолданған қылыш, киім, ат әбзелдері, белбеулері, тамақ ішкен тостағандарын көруімізге болады. Тіпті палеолит, мезолит, энеолит кезеңдеріндегі тас құралдарына дейін бар. Мұражайға бір кіріп шыққан соң рухани байып қаласың. Сол заманға барып келгендей сезім пайда болады.

Объяснение:

бұл мен барған мұражай. сенде өзің туралы жаз

0,0(0 оценок)
Ответ:
aresha134589870
aresha134589870
09.05.2023 13:02

олардың қоғамдағы ҮЛЕС салмағы 60-65%-тен ТӨМЕН, ТЕК ҚҰРАМЫ ЖАҒЫНАН сан АЛУАН. ОЛАРДЫҢ арнайы МАМАНДЫҚТАРЫ ЖҮК ЖҰМЫСШЫЛАР, ЖҰМЫСКЕРЛЕРЛІК, КӘСІПКЕРЛІК және т.б. Бұл ОЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ ТҰРАҚТЫ табыс көздері болмаған КЕЗЕҢШІЛІГІНДЕ өмір СҮРЕДІ. ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ айтуынша олардың үлесі 30-35%-тен астам, сонымен әлеуметтік стратификация кез-келген қоғамға ТӘН құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасында жаппай ТЕҢДІК орнататын ЭГАЛИТАРЛЫҚ қоғам орнату МҮМКІН емес екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота