1-тапсырма. Оқылым. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.
1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған. Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. 19 жасар Әлияны майдандас жолдастары "Шығыс жұлдызы" деп атаған екен.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды.
Қаһарман қыз Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.
Мәтінге тақырып жазыңыз.-Напишите заголовок к тексту
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.-ответить по вопросы по содержанию текста.
р/с
Сұрақтар
Жауаптар
1
Әлия Молдағұлова майданға нешінші жылы аттанды?- В каком году Алия Молдагулова ушла на фронт?
2
Ол атқыштар бригадасында кім болды? Кем он был в стрелковой бригаде?-
3
Әлия қайда және қашан қайтыс болды?-Где и когда погибла Алия?
2-тапсырма. Жазылым.
«Жерұйық» фильмінің мазмұны бойынша 60 -70 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Шығарманың тақырыбын, идеясын анықтаңыз.- Напишите сочинение из 60 -70 слов по содержанию фильма "Жерұйық". Определите идеи и темы произведения,
[6]
Жеңіске 75 жыл.
Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке. Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс - Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 75 жыл толды. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Бұл күнді тек соғыс майданында ұрысқа қатысқан ардагерлер ғана емес, сонымен қатар майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші тыл ардагерлері де тойлайды. Бірақ жыл өткен болашақ ұрпақтың бейбіт заманда өмір сүруіне бар үлестерін қосып, Отан үшін жас өмірлерін қыршыңнан қиюға дайын болған ардагерлеріміздің қатары сиреп келеді, әрине, бұл жайт көңілге қаяу салады. Дегенмен уақыт өз дегенін алары хақ.
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Тәуелсіз Қазақстанымыз аспаны әрқашан ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!
Заттың атын білдіріп Кім? Не? сұрақтарына жауап береді.Имя существительное - часть речи, которая обозначает предмет и отвечает на вопросы кто? что?Зат есім түрлері (Виды существительного): құрамына қарай:Дара (простое – один корень)Мысалы: дала, бас, қалам.Күрделі (сложное – несколько корней)Мысалы: мекенжай, балабақша.тұлғасына қарай:Негізгі (непроизводное – нет суффикса)Мысалы: мектеп, мысық.Туынды (производное – есть суффикс)Мысалы: әнші, аспаз.мағынасына қарай:Жалпы (нарицательное)Мысалы: теледидар, үстел.Жалқы (собственное)Мысалы: Алматы, Татьяна, Қазақстан.Деректі (конкретное)Мысалы: үй, өзен, сиыр.Дерексіз (абстрактное)Мысалы: ақыл, ой, күн.Жанды (одушевленное)Мысалы: оқушы, мұғалім, адам.Жансыз (неодушевленное)Мысалы: кілем, тақта, қарындаш.Зат есімдердің көптік жалғауы – Множественное число существительных.Множественное число существительных в казахском языке образуется при окончаний -лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер.Мысалы: бала-лар, кітап-тар, дерек-тер.