В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Wwwoxanap2013
Wwwoxanap2013
07.01.2022 06:55 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. 1. Қазақстанның мұнай-газ саласы қай өңірде орналасқан?
2. Қазақстанның мұнай-газ саласын, кенорындарын дамыту үшін не істер
едің?

Показать ответ
Ответ:
778392
778392
28.07.2022 08:03
Менің ана тілім - шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл.  Ақын С.Торайғыров ана тілімді:

Сүйемін туған тілді - анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан. 

Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г. Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.

Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау - арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Ең жақсы адам - ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу деген сөз. Ақиық ақын М.Мақатаев «Отан» атты өлеңінде:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем  

Мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп Отанды сүюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді. 

Менің елім - көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасында татулық  пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны - бәріміз үшін мақтаныш. Бұл - біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, дана ойларының жемісі. Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, халық мүддесін ғана ойлайтын Елбасының арқасында біз, қазақ елі, мәңгілік ел болып қала бермекпіз.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауында: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет» деген жолдауындағы сөздерін барша қазақстандық құптайды. Мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі - қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз - бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы.

Қазір Елбасымыз үш тілді білуді міндеттеп отыр. Болашақта бұл үлкен мәселе болмақ. Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам деп ойлаймын. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы  кеңейеді. Сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын және бәріне:

Мейлі, сен көп тілді біл «қой» демес ем!

Пушкин, Байрон, Шекспир, Гейнеге сен.

Бірақ сені қазақ деп айта алмаймын

Туған ана тіліңде сөйлемесең, - дегім келеді.

Сырдың сыршыл ақыны Ә.Тәжібаев «Біз түгел қазақ бола білейік» деген өлеңінде:

Күркіре, көңілім,

Қобызым, гуле, бұрқыра!

Күн жаңа туды

Ерлікке ғана ұмтылар.

Елдікті қорға,

Елдікті бастар ерлікті айт.

Сарының сенің

Рух берсін жуас жұртыңа

Жырла, тілім, жырла! - дейді.

Қорыта келгенде, Абай әрлеген тіл, Жамбыл жырлаған тіл - қазақ тілі, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала бермек!   
0,0(0 оценок)
Ответ:
vlad1458
vlad1458
06.01.2022 09:30

Қазақ халқы өте қонақжай халықтардың бірі болып саналады. Ежелден бері ата бабамыз қонақ шақыруға үлкен мән берген. Тіпті қарапайып беймәлім  ауыр сапардағы жолаушыны да жылы шыраймен асқа шақыратын. Қазіргі таңдада Қазақстан халқымыз өзінің қонақжайлығын көрсете отырып көптеген көршілес елдерден келген қонақтарды құшақ жайып қарсы алуда. Дастархан жайып,ет асып жиі жиі қонақтарды шақыру біздің салтымызғада сіңіп кеткен. Менің отбасым да қонақ шақыруды жақсы көреді. Бір бірінің көңілін сұрап, жақсылықты сыйлап бөлмеде бір жылулық сезімі орнайды. Осы дәстүріміз арқылы барша елімізді бір үлкен отбасы ретінде сезінеміз.

Казахский народ один из самых гостипримных народов.Еще с ранних веков наши предки относились к гостям с большим уважением. Даже незнакомого спутника с тяжелой дороги были рады пригласить на чашку чая. И даже сегодня Казахский народ показывает свою гостипримность встречая распахнутыми руками гостей из других стран. Накрывать стол полный еды звать гостей давно впиталось в нашу традицию. Моя семья тоже любит звать гостей. Сидя за столом мы спрашиваем как их дела желаем разные пожелания и от всего этого в душе появляется чувство уюта и тепла. Благодаря этой нашей традицие все мы словно одна большая дружная семья


0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота