1-тапсырма. Саша досына хат жазды. Сашаның хатын оқы. Грамматикалық кестені пайдаланып, Сашаға хатты дұрыс жазуға көмектес.
Сәлем хат
Сәлем, досым Ян! Қалың қалай? Степан атайдың денсаулығы жақсы ма? Қандай жаңалықтар бар?
Менде бәрі жақсы. Мен саған 1 ай бұрын да хат жаз . Мен ол хатта Бурабай көлін суретте . Мен отбасыммен жыл сайын Бурабайда демал . Әкем екеуміз суға шомыл . Ал Юля мен анам күнге қыздырын . Біз осы жазда да Бурабайға бар . Биыл жазда Көкшетауда, Оқжетпесте бол . Анам мен Юля 5 күн демал . Ал мен әкеммен суда жүзуден жарыс . х, Ян, сен де бізбен саяхатқа барсаң ғой! Керемет тамаша болар еді. Мүмкін, Степа атайға айтып көр , а? Мүмкін степа атаймен менің әкем сөйлес ? Қалай ойлайсың? Менің саяхатқа сенімен бар келеді.
Тезірек демалысқа шық келеді. Сені көр келеді. Хатты алған соң жауап жаз. Сау бол!
Сәлеммен, досың Саша
28.03.2019 жыл
Жыл мезгілдері туралы мақал - мәтелдер:
Жазғытұрымғы жел жардай атанды жығар.
Жаздың бір күні, қыстың мың күні.
Нөсер алдында найзағай ойнайды.
Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жуады.
Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.
Туған ай, тураған етпен тең.
Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ келер.
Су аққан жерінен айнымас.
Сәуір болмай, тәуір болмас.
Үркерлі айдың бәрі қыс.
Қыстың көзі қырау.
Шағала келмей жаз болмас.
Шаңқан келмей, боз болмас.
Жел түбі азық, жекен түбі қазық.
Сәуір болса, күн күркірер,
Күн күркіресе, көп дүркірер.
Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.
Қараша қауыс, кәрі-құртанды тауыс.