В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
isakdzhanova
isakdzhanova
13.03.2021 01:38 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма.Шығарма сюжеті композиясының өрбу кезеңдерін (құрылымын) ойыншық шарлардағы әріптер әріптердің ретімен белгілеп дәптерлеріңе жазып қөрсетіңдер ​

Показать ответ
Ответ:
0LOLOLOSHKA1
0LOLOLOSHKA1
13.09.2022 06:02

- Сәлем, Ануар, қалың қалай?

- Сәлем, Аман! Жақсымын, рахмет. Өзің қалайсың?

- Мен де жақсы, рахмет!

- Көктемгі демалысың қалай өтті?

- Демалыс өте қызықты әрі пайдалы өтті десем болады: мен ата - анаммен қыдырып, Алматы қаласына бардым.

- Бұл сенің Алматыға алғаш баруың ба?

- Ия. Алматы Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала екен. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінді. Оның көркіне көз тоймайды екен. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекшеленетін көрінеді. Енді Алматы менің "сүйікті" қалам деп айта аламын.

- Ия, дұрыс айтасың. Мен де Алматы қаласын ерекше жақсы көремін. Алматының басты көрікті орындарының қай жерлеріне барып үлгердіңдер?

- Алматының басты көрікті орындары  Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты мен Көктөбеге бардық. Осы сапарым маған ұмытылмас әсер қалдырды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
GenaTurboKrytt
GenaTurboKrytt
19.05.2021 14:19

Наурыз – менің ең сүйікті мейрамым

Бұл мерекені қазір дүниежүзіндегі мұсылман бауырларымыз атап өтетіндігін біз жақсы білеміз. Қазақстанда да ол 1988 жылдан бастап қолға алынды. Сөйтіп, қайта жаңғырып, жандана түсті. Шығыс халқында ол жыл басы болып саналады. Жұртшылық алдағы барлық үміттері мен жақсылықтарды осы мерекемен байланыстырады.
Өзім осы Қостанай жерінде туып өстім. Жоғары білім алдым, ғұмырлық серігімді тауып, отбасын құрдым. Сүйікті жар, аяулы ана атандым. Олеся есімді қызымыз да туған жерін мақтаныш етеді.
Қазақстан мұндағы барлық ұлт пен ұлыстардың жан-жақты дамуына, білім алып, қызметте шыңдалулары үшін де барлық жағдайды жасады. Сондай шапағатты көрген жанның бірі өзіммін. Сонау бір жылдары Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шет тілдері факультетін бітіріп, еңбек жолымды бір ауданда қатардағы мұғалімдіктен бастаған едім. Бұл күндері облыстық мәдениет басқармасының бастығы дәрежесіне дейін көтерілдім.
Наурыз мерекесінің танымдық-тағылымдық жағы өте мол. Адамдардың нағыз шынайы пейілі, бір-біріне деген сыйластығы осы кезде айқын сезіледі. Бұдан барша туыстас ұлт өкілдері де көп жайды көңілге түйеді деген сенімдемін.
Өзім облыстағы мәдениет басқармасын басқарғандықтан осынау ұлы мейрамда Қостанай шаһарының орталығына жиналған халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін түрлі концерттік бағдарламалар ұйымдастырамыз. Мұндай іс-шаралар барлық қалалар мен аудандарда да өтеді.
Әңгіменің орайы келгенде барша республика жұртшылығын Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота