1-тапсырма. Төменде берілген нақыл сөзді «көзқарас — себеп – мысал қорытындылау» әдісімен талқылап, мәнін түсініп алыңдар.
Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді, ең алдымен, отбасыңа, ауылдастарыңа
арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес.
Мұхтар Шаханов
Гитара
Барабан
Скрипка
Фортепиано
Микрофон
Нота
Музыка
Өздік етіс деп - қимыл, іс әрекет орындаушысына, іс иесіне бағытталып, тікелей соған қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерге - ын,- ін,- н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістіктің түрін айтамыз. Мысалы: Таң атқанша тарандық (Махамбет). Оқушылар ерте тұрып, жуынды. Бала өзі киінді деген сөйлемдердегі тарану, жуыну, киіну қимылдары әрі белгілі бір иесі(орындаушы)- біз (тарандық), оқушылар (жуынды), бала (киінді) арқылы орындалғандығын, әрі қимыл сол иесіне бағытталғанын білдіріп тұр.