1- тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңіз. 1. Сайын Мұратбековтың туған жері?
а) Алматы облысы, Қоныр ауылы ә) Алматы облысы, Қарасаз ауылы
б) Ақмола облысы, Акмола уезі
2. «Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан: жарғақ сары тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген ақсақ қара бала бір кетпейді» деп басталатын әңгіме?
а) «Басында Үшқараның» ә) «Жабайы алма» б) «Жусан иісі»
3. Сайын Мұратбеков 1977-1980 ж.ж. қай газеттің бас редакторы қызметін атқарды?
а) «Қазақ әдебиеті» ә) «Жұлдыз» б) «Лениншіл жас»
4. Қай повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды?
а) «Жусан иісі» ә) «Жабайы алма» б) «Қалың қар»
5. С. Мұратбековты «Менің қазақ бауырым, туысым» деп бауырына тартқан орыстың белгілі жазушысы?
а) В. Ульяшов ә) В. Шукшин б) М. Шолохов
6. «Жусанның иісі» кітабы қай баспадан тұңғыш рет орыс тілінде жарық көрді?
а) «Жазушы» ә) ОЛМА-ПРЕСС б) «Известия» ба , «Дружба народов» кітапхана журналы
7. «Телі өскен ұл» повесінің идеясы?
а) жетім баланың ата-анасын сағынуы ә) туған жерге деген сүйіспеншілік б) адалдық, адамгершілік, жан сұлулығы
8. С. Мұратбековтың шығармашылығының шыңы болған әңгіме?
а) «Жабайы алма» ә) «Менің қарындасым» б) «Басында Үшқараның...»
үні,Абай тынысы
Абай лебі,Абай үні,Абай тынысы-заман тынысы ,халық үні.Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып ,жаңғырып,жаңа өріс алып тұр.
М.Әуезов
Бүкіл Алаш жұрты,еңбектеген баладан,еңкейген қартқа дейін ұлы Абайды жақсы білсе,ал Абай арқылы қазақ елін төрткүл дүние танитыны хақ.Көзі тірісінде өзінің көрген қайғы-қасіретіне қарамастан ,жұртының сол кездегі хал-жағдайын көріп ,ақ параққа жанынан ақтарыла ойын жазып,халқының шел басқан жанарын тазартуды көздеді.Бүгінде уақыт пен тарих әр нәрсені өз орнына қойды.Халқының қамын жеп ,халқының қамы үшін көп нәрсені құрбан етіп,аяулы армандарынан бас тарта еңбек еткендер тарихта мәңгі қасқайып қалды.Соның бірі,осы күні бүкіл халық оның алдында бас иетін –ұлы Абай.
Байтақ елдің жүрегінде елеулі орын алатын қазақтың бас ақыны Абайға деген құрметпен,Асфендияров атындағы ҚазҰМУ стомотология факультетінің ұйымдастыруымен сәуір айының 22 жұлдызында “Өлмейтұғын артына із қалдырған” атты факультет аралық сайыс өткізілді.Сайыс үш бөлімнен тұрды. “Өлең сөздің патшасы-cөз сарасы ” алғашқы бөлімінде студенттер қалауы бойынша Абайдың өлеңін көркемдеп жатқа оқыса, ал “ Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” айдарында Абайға өз шығармашылықтарын арнады. “Өлмейтұғын артына із қалдырған” үшінші бөлімінде Абайдың қара сөзін жатқа айтудан жарысқа түсті.Соңғы “Бәйге”атты бөлімде,Абайдың өмір жолына ,шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беру арқылы студенттердің білімі бағаланды.Сайыста студенттердің көркемдеп оқу шеберлігі,білімі мен шығармашылық қабілеттері сыналды.Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша ,Фармацевтика факультетінен қатысқан 1курс студенті Меруерт Манатова “Үздік Абайтанушы”номинациясын жеңіп алды.
Сайыстың барынша жоғары деңгейде және тартысты өткені жөнінде әділқазылар тарапынан пікір айтылды.Бұл сайысқа келген көрермендер де,қатысушылар да Абай шығармашылығынан сусындап қана қоймай, рухани мол қазына,жүректі елжіретерлік үлкен әсермен қайтты.Себебі,бүгінде оның өлеңдері өскелең ұрпақтың бойына рухани,адамдық, ізгілік,парасаттылық,сауаттылық,еңбексүйгіш қасиеттерін қалыптастырады.Осындай тәрбиелік маңызы зор кешті ұйымдастырған Стомотология факультетіне алғыс білдіреміз.
Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен? Әй, жоқ та шығар! Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бәрі - қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен демек. Біреуді ызаландырмақ - шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. Әншейін біреуді ыза қылмақтың несін дәулет біліп қуанады екен? Жә, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып қалады екен?
Жүйрік ат - кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нәрсе, қыран құс та, жүйрік ит те - кейде оның қолына, кейде мұның қолына түсетұғын нәрсе. Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма? Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бәрін адам өз өнеріменен жасаған жоқ. Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді. Соның бәрін де біле тұра, жерге кіргендей болып я бір арамдығы, жамандығы шыққандай несіне ұялып, қорланады екен?
Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады һәм және қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Мұның бәрі - надандық, ақымақтықтың әсері. Бұларын айтсаң, кейбіреуі «рас, рас» деп ұйыған болады. Оған нанба, ертең ол да әлгілердің бірі болып кетеді. Көңілі, көзі жетіп тұрса да, хайуан секілді әуелгі әдетінен бойын тоқтата алмайды, бір тиянақсыздыққа түсіп кетеді, ешкім тоқтатып, ұқтырып болмайды. Не жаманшылық болса да бір әдет етсе, қазақ ол әдетінен еріксіз қорыққанда я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен деп біліп, ойланып өздігінен тоқтаған адамды көрмессің.