В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
natalyakuznecova81
natalyakuznecova81
22.02.2020 19:17 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Жазылым
1.Берілген сөздерге етістіктің шақтары мен райларын пайдаланып 3 сөйлем құрастыр.
Қажетті сөздер: қария, химия, сәулет, әдемі, жаңа, заттар, газеттер,сөйледі
2.Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда.
Қазір көптеген электрондық, мультимедиялық оқулықтар бар.
Олар – ақпараттық технологияның жетістіктері.

3.Берілген сөздердің аудармасын жаз.
современная технология
выставка
учёный
проводить исследование
был против
оружие
удовлетворенный

2-тапсырма. Берілген мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз.
Оқылым
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы “Сасықкөл” деген жерде туған. Бала кезінен өте зерек болып, төрт жасынан хат таниды. Ауыл мұғалімінен сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегіәдебиеттердегі ден қояды. Шығыс әдебиетімен танысады. Қолына түсен қисса- дастандарды оқиды. Ақын Шығыс әдебиетінің даналары- Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Хайямның дастандарын түпнұсқаданоқып- үйренеді. Мағжан Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, сусындайды. Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы “Ғалия” медресесінде жалғастырады. Мағжан өлеңдері тұңғыш рет Қазанда Кәрімовтар баспаханасынан басылып шығады. Бұған қол ұшын бергенұстазы - Ғалымжан Ибрагимов.Мағжан Омбыдағы оқытушылар семинариясына оқуға түсіп, алтын медальмен бітіреді. Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік білген. Ол Пушкин, Лермонтов, Горький,Байрон, Гете тағы да басқа ақын-жазушылардың шығармаларымен танысып, таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударды. Мағжан –лирик, сыршыл ақын. Ақын лирикасының тақырыптары сан алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат және т.б. Мағжан - эпик ақын. Оның қаламынан “Батыр Баян”, “Қорқыт”,“Жүсіп хан” сияқты поэмалар туған. “Батыр Баян” поэмасында жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген.
Мағжан Жұмабаев - көрнекті жазушы, ақын, публицист.
 Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз

1. Мағжан Жұмабаев Шығыс әдебиетінің қай даналарының дастандарын
оқыды?
а) Фирдоуси в) Сағди
с) Омар Хайям д) барлығы дұрыс
2. Ақын лирикасының тақырыбын көрсет.
а) туған жер в) соғыс
с) өмір шындығы д) достық
3. Мәтіндегі ақынның поэмалар санын көрсет.
а) 2 в) 3 с) 4 д) 5
4. Ақын қай орыс жазушысының шығармасын қазақ тіліне аударған?
а) Л.Н. Толстой в) М.Ю. Лермонтов
с) К.Г. Паустовский д) М.Горький​

Показать ответ
Ответ:
polyakkate
polyakkate
27.12.2022 15:31

Кең алаңға сәулетті сарай салынды. Сарай қабырғаларына әлем суретшілерінің туындыларын іліп жатыр.  Шеңбер айналасында орындықтар бар. Еліміз тәуелсіз Мемлекет. Бұл бұрын болмаған жаңа туынды. Сәулетшілер еңбегінің нәтижесі- қаламызға көрік беріп тұрған әсем ғимарат.Сарай ішін әсемдеуге белгілі дизайнерлер қатысты. Тәуелсіздік- ел мақтанышы. Әр істің өз маманы бар. Осындай келісті көрініс куәсі болдық. Өткен өмір белестерінен ақсақалдар әңгіме айтып отыр. Олардың айналасында балалардың кейбіреуі сурет салып, енді біреулері шеңбер сызып жатыр. Ұстаз сабақ түсіндіріп отыр.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
uchenik5713
uchenik5713
12.04.2022 02:10

Өңдеу

Шолпан — күн жүйесіндегі оған жақын екінші ғаламшар. Көлемі мен массасы жағынан Жерге жуық болғандықтан, ерте кезден-ақ ғалымдардың назарын өзіне аударған. Алайда, оны тұтасқан ақ бұлт қабаты қоршап жатқандықтан, бұл ғаламшардың табиғаты мен қозғалысын оптикалық бақылаулар арқылы анықтау қиындық келтірген. Дегенмен, радиобақылаулар нәтижесі күтпеген мәліметке қол жеткізді. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық ғаламшарлар айналатын жаққа кері бағытта, яғни өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына өз осі төңірегіндегі қарсы айналатын болып шықты. Ондағы күндік тәулік шамамен Жердегі 117 тәулікке тең.Оның Күннен орташа арақашықтығы 108 млн. км (0,723 астрономиялық бірлігі). Сидерлік айналу периоды 224 тәулік 16 сағат 49 мин 8 с. Жерден қараған бақылаушыға Шолпанның Күннен бұрыштық қашықтығы 48″-тан аспайды. Сондықтан ол Күн батқаннан кейін (кешкі жұлдыз) не Күн шығардың алдында (таңертеңгі жұлдыз) ғана аз уақыт көрініп тұрады. Шолпан – аспандағы ең жарық шырақ (Күн мен Aйдан кейінгі). Жалтырауының максимумы 4,4-жұлдыздық шамаға дейін жетеді. Шолпанның фазаларын (1610 жылы Г.Галилей ашқан) көру қабілеті ерекше жақсы адамдар жай көзбен де байқай алады. Төменгі тоғысуы кезінде Шолпанның бұрыштық диаметрі 64″-қа жетеді. Жер бетінде жүргізілген радиолокациялық бақылаулардың нәтижесі бойынша Шолпанның орташа радиусі 6050±0,5 км, массасы 0,9528 Жер массасындай. Шолпанды қоршаған қою атмосфераның бар екендігін, Шолпанның Күн дискісін басып өту кезін бақылай отырып, алғаш рет М.В. Ломоносов ашқан (1761). Шолпан атмосферасында көмір қышқыл газының (СО2) болатындығы спектроскопиялық жолмен анықталған. Шолпанның температурасы оның бетіне жақындаған сайын арта түсетіндігін Шолпанның төменгі атмосферасында алғаш рет кеңестік “Венера-4” (1967) автоматтық планетааралық стансасында тікелей жүргізілген өлшеулер көрсетті. “Венера” (КСРО) және “Маринер” (АҚШ) автоматтық планетааралық стансаларында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Шолпан планетасы атмосферасының құрамы 97,3% көмір қышқыл газынан, 2%-дан кем азоттан, 0,1%-дан кем оттектен және 1%-дан кем су буынан тұратындығы анықталды. Зерттеулер нәтижесіне қарағанда Шолпан бетінің жарықтылығы шамамен 10 мың люкске тең. Ел аузында Ай Күнмен үзеңгілес жүретін болса, Шолпан Аймен тетелес келеді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота