1.Қыпшақтар қай өзендер бойында көшіп-қонып жүрген? А) Есіл мен Тобыл,Нұра,Елек пен Сарысу ; Ә) Сырдария,Тобыл,,Есіл ; Б) Жайық,Сыр,Есіл,Ертіс ; В) Ертіс,Іле, Талас. 2. ХІІ ғасырда Арал маңына қыпшақтар өз билігін орнатқанда қай тайпалар қыпшақтар құрамына кірді ? А) оғыздар мен қимақтар ; Ә) қарлұқтар мен дулаттар ; Б) қаңлылар,қарлұқтар,жікілдер ; В) қаңлылар мен жікілдер.
3. "Қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен" деп жазып қалдырған қай саяхатшы ? А) Плано Карпини ; Ә) Марко Поло ; Б) Сыма Цзянь; В) БаньГу.
4. "Қыпшақтар аздап бидай,арпа өсіреді,көп өсіретіні - тары, ал тамақтарының негізгі түрі тарыдан жасалады" -деп жазған кім?
А) П.Карпини ; Ә) әл - Омари ; Б) әл - Марвази ; В) М.Қашғари.
5. Қыпшақтардың қосымша шаруашылығы қандай болды ? А) балық аулау ; Ә) саудагерлік ; Б) аң аулау ; В) егіншілік.
Құсбегілер қолындағы құсын аңға салуға мамыр, маусым айларынан бастап баптайды. Алдымен қансоқты, қызыл сияқты маңызды жем беріп, түлету үшін семіртеді. Бұл кезді қызылға отырғызу немесе түлету деп атайды. Құс түлегі бапты болса, аз күнде-ақ бой жүні сүзіліп, салаланып сала береді. Ал түлек бапсыз болса, жемі қуатсыз немесе маңызсыз болса құстың бой жүні жымдаспай қобырап, қауырсындары бунақталып дұрыс жетілмейді. Қазақ құсбегілерінің қолындағы құсты тиісті бап, күйіне қарай ашықтыруы, қоялатуы (құстыру), шаятыны (ішін жүргізу) болады.
Қоялату үшін бармақтай ақ киізді әбден жуып тазартып, майға орап қылғыттырып жіберсе аздан соң құсып, ішіндегі бар қоясы құсықпен бірге түседі.
Ішін шайып ашықтыру үшін тырна жілігінен жасалған түтіктен бір-екі рет қызыл шай жұтқызады.
Ғалымдар атом құпиясын ашып, оның керемет мол энергия көзі екенін білген сайын қуанып, мұндай энергияны өмір үшін пайдаланамыз деген оймен құлшына зерттеуді жалғастырып келеді. Бірақ сол зерттеудің арқасында атомның өзіндік зияны бар екенін біледі. Жер жүзіндегі барлық ғалымдар жиналып бұл жаңалықты жария етпеуге келіседі. Бірақ бұл олардың жасаған аңғалдығы болды. Көп кешікпей атом бомбасы пайда болды. Кейінен адам тапқан өзі ашқан атом ядросы адам денсаулығына зор қатер туғызады. Адамдарзаттың ең алғаш дертке қарсы қолданған дәрі де жылан уы болды. Қазақ елі, қазақ жері атом ядросымен тығыз байланыста болып келді. Соның кесірінен қаншама қазақтар жапа шеккені бізге белгілі.