1-үзінді Соғыста Исатай оққа ұшып, Махамбеттің жалғыздық зарын шеккеніне сегіз жыл үш ай болды. Ұзақ уақыттың ішінде жасаған сансыз жорығы ойына оралды. Исатайсыз бастаған ереуілі жеңіліс тапқалы бері Махамбеттің бармаған жері, баспаған тауы қалмады. 2-үзінді Мінгені Исатайдың Ақтабаны-ай Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны-ай. Зеңбірек үш атқанда дарымады, Құдайдың міне қара сақтағаны-ай. Тапсырма: Мәтіннің жанр,стилін,түрін анықтаңыз. 1-үзінді 2-үзінді жанр стиль түрі(тип 50
Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген. Суан руынан шыққан.[1] Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған. 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды.
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Түркістан облысының Түлкібас ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан.[1] Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.