В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География

  1. Өздік етісті табыңыз.
А) Еден жуылды В) Досымен сырласты. С) Сурет ілінді.  Д) Тастан сарай салғызды. Е) Асыл киім киінді. 

2. Есімшенің тәуелденген түрін табыңыз.
А) аяқта, ұқ В) бұзар, шабар С) егер, ендеше Д) көргенің, айтарым Е) жазым, басылым

3. Жіктік жалғауы жалғанған есімшені тап.

А) тыңдарман В) ойлағаныңды С) көргелі Д) айтамын Е) ақылдасатынсың

4. Есімше емес қатар.

А) емделетін В) сауықтыратын С) демалмақ Д) демалды Е) ауырып қалды

5.Синоним емес сөзді белгіле.

А) шипалы В) экономикалық С) емдік Д) сауықтырушылық

6. Синонимді анықтаңыз.

А) Ұқыпты-тиянақты. В) Үлкен-кішкентай. С) Сары-жасыл. Д) Жарық-қараңғы. Е) Саусақ-қол.

7. «Қысқа» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) биік В) кең С) ұзын Д) тап Е) аласа

8. Достық тақырыбындағы мақалды табыңыз.

А) Ұрлық түбі-қорлық . В) Отан-оттан да ыстық . С) Ата-баланың қорғаны. Д) Жақсыны жолдасынан таниды. Е) Бес саусақ бірдей емес.

9. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

А) Жылы жүзді. В) Жылы сөз. С) Жылқы жылы. Д) Жылы өң. Е) Су жылы.

10. Көмектес септігіне қатысты септеулік шылауды анықтаңыз.

А) Бірге. В) Шейін. С) Соң. Д) Үшін. Е) Кейін.

11. Барыс септікпен келген шылаулы сөйлемді анықтаңыз.

А) Жұмыста Болат туралы әңгіме болды. В) Қазақша жүзге дейін санайды. С) Алғаш сөз болған Бораш болды. Д) Қабыш үшін бәріміз ұялдық . Е) Жиналыс ай сайын өтіп тұрады.

12. Күрделі етістікті табыңыз.

А) Жүгірме. В) Ойнады. С) Жаздыртты. Д) Жүре бер. Е) Қуанды.

13. Қай сөйлемде «ма» болымсыз етістіктің жұрнағы ретінде бірге жазылатынын белгілеңіз.

А) Бала(ма) айт. В) Бұл да бір амал(ма). С) Сен ойла(ма). Д) Балдай тәтті ал(ма). Е) Ол жақсы бала(ма).

14.Жинақтың сан есімді табыңыз.

А) Төрттен бір. В) Бір. С) Жетеу. Д) Үшінші. Е) Сегіз.

15.Сан есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыздар.

Таңертең сағат жетіде тұрамын.

А) Ілік септік. В) Барыс септік. С) Көмектес септік. Д) Жатыс септік. Е) Атау септік.

16. Сын есімді табыңыз.

А) Бөлме. В) Төсек. С) Кілем. Д) Жайлы. Е) Төсеніш

17. Жұрнақ жалғанған сөзді анықтаңыз.

А) Балалар. В) Оқушылар. С) Мұғалімге. Д) Ақкөңіл. Е) Сабыр.

18.Түбір сөздер қатарын табыңыз.

А) Күйші, биші. В) Қалқатай, шырағым. С) Іні, аға, көке. Д)Әнші, суретші. Е)Анашым, әкетай.

19. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

А) Іскер В) Қайраткер С) Қолғанат Д) Қуанышты Е) Саяхат

20. Бірыңғай бітеу буынды сөзді табыңыз.

А) Қасқыр. В) Құмырсқа. С) Қарға. Д) Қарағай. Е) Қаршыға.

Показать ответ
Ответ:
goodboiclick
goodboiclick
01.03.2020 22:58

1.Баты-тілі көркем ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең сөз

2.Батаның түрлері бар. Ас батасы асты үстелге әкелгенде немесе ас ішіп болған

соң берілетін бата. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі. Рамазан батасы үш күнгі

ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы ұзақ жолға шыққанда

беріледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге, туыстарға тамақ беріп, үлкен ақсақалдан

бата алады. Тілек-бата үлкендер жастарға риза болғанда, реті келген жерде қолын

жайып беретін батаның түрі.

3.«Бата адамға күш береді, жолын аша-

ды, жаман күштерден сақтайды» деп сенген.

4.

0,0(0 оценок)
Ответ:
School957
School957
13.01.2022 21:46

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957)Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота