1-жаттығу. Төмендегі сөздерді орфографиялық принциптерге бөліп жазыңыздар, ережесін түсіндіріңіздер.
Морфологиялық
фонетикалық принцип
тарихи-дәстүрлік принцип
Жазса, ... Жазса, сенбі, фестиваль, түнгі, қашанғы, совхоз, жарқабақ, орынбасар, шекара,
көзбе-коз, тауып, қан қызыл, тарағы, бозжусан, көк дөнен, жүрегі, белбеу, керек екен,
қолғап, самауырын, шайнек, пәуеске, көпене, бөрене, пайда, хат, ес жоқ, жеребе, халык,
шкаф, гауһар, бес жыл, он қап, жиһан, қаһарман, колхоз, геометрия, ауа, сәнқой, Досжан,
жан кешті, тас жол, стакан, дүйсенбі, қарлығаш, ашудас, сөзжасам, бозкөде, боза, бүгін.
Қосымшаның түрлері.
Қазақ тілінде қосымша жалғау, жұрнақ болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс – жұмысшы, ойын – ойыншық, оқу - шы, бала - лы, орын - дық, сыр - мақ т.б.
Ал сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс – жұмыста, ойын – ойынға, дәптер – дәптерді, көше – көшеде.
Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар:
1. Септік жалғау;
2. Көптік жалғау;
3. Тәуелдiк жалғау;
4. Жіктік жалғау.
Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:
1. сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы - шы”, “біл - ім”, “жасы - қ”, “таға - ла”;
2. сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г) - ірек”, “сары - лау”, “сары - рақ”, “жаз - ып”, “жаз - ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет - ретімен жалғанады.
Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас - шы”, “басшы - лық”, “ұйы - м”, “ұйым – дас – тыр – у – шы”).
Достық (жұрнақ) Адамдардың достығы әдетте жыл өткен сайын беки түседі.
Досым (жалғау) Менің досымның есімі - Арнұр.