В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
dicsi1
dicsi1
02.01.2020 16:04 •  Қазақ тiлi

100 жылдық жара әңгімесінде, автордың қолданған тілдік құралдары мен тәсілдері

Показать ответ
Ответ:
volkovaw
volkovaw
26.02.2021 06:50

Объяснение:

Әлде қайда жолың түсіп Молдавияға бара қалсаң, Кишинев деген астанасының дәл ортасындағы бауда Пушкин көрді де­ген бір ағаш тұр. Оның да паспорты бар...

Дәл осындай Байшынар біздің Мың­бұ­лақ­тың Шоқыбас сайының өңірінде де бар. Мыңбұлақ Бостандық емес, әрине. Таби­ға­ты да қаталдау. Шынар жарықтық сонда да өскен. Ал бұл ағаштың паспорты өзгеше. Қаңылтыр тақта қағылмаған, жазу жазыл­ма­ған. Бұл Шынардың ел-таңбасын адам­дар тарих қамын ойлар салған жоқ. Тарих қамын ойлау қайда...

Ақпан айының «ақ мылтығы фашис­тер­дің оғындай қаңғыбас, қағынды болатын». «Ақ мылтық әсіресе қырық үшінші жылдың қысында құтырып кетті. Батыстағы қара мылтықтан қалыспаймын дегендей, апта­лап алты күн қатарынан соғатын сойқанды шығарды». «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен», Мыңбұлақтың өрісі боран болды.

Мыңбұлақтың отқа жағары таусылды. Ақ боран азынап тұрса, отын таусылып, пеш­тің құдығы уілдеп ұлып тұрса, адам бай­ғұс өз сирағын шауып жаққаннан кем бе екен. Ал бірақ өз сирағын өзі шаба ал­май­ды. Енді не істейді? Сұрапылдан бетер азынаған азын аулақ малға адамдар тоқал тамдарының бұтағындағы ескі қамыс пен сабанды суырып бере бастады. Бұғат ағаш­тың өзін отқа жақты. Ал Бұғат ағаш пен Бұғат қамыс таусылғанда не істейді жұрт?

Соғысқа дейін бұл ауылда түтін басы сайын бір-бір киіз үй бар еді. Бәрі бірдей алты қанат ақ боз үй болмаса да, әркімнің басына шошайтары бар болатын. Сәуір туа сол үйлер Аспантау алқымындағы қызғал­дақ жамылған жайлауға көшетін. Көшпенді өңірдің соңы сол болған шығар, өйткені қырық үштің қысында жұрт киіз үйлерінің сүйегін – керегесін, уығын отқа жаға бас­тады. Бұл жақсылық емес екенін біле тұра, бүгіннің өлмес қамын ойлады. Ертеңнен де үміткер: ертең соғыс бітер, ақжарылқап күн туар, сонда киіз үй де табылар деген. Бірақ соғыстан кейін ешкім қайтып киіз үй тікпеді. Бұл елде бір кезде киіз үйлер болғанының еміс-еміс елесі ретінде әлі күнге дейін кейбіреулердің мал қорасының төбесінде көне шаңырақ ілулі тұрады. Соғыспен боран қанша қасарысса да, Мыңбұлақ­тықтар киіз үйдің шаңырағын отқа жағуға дәті шыдамаған. Шаңырақ жағылғанша, сирақтары шабылғаны артық.

Отқа шаңырақты қимаған жұрт Мың­бұ­лақ­тың қарқарадай қасиеттісі, бөркіндегі үр­кідей аяулысы – Бақтияр баба бағына ауыз салып, балта шаба бастады. Әуелі бір-бірінен: «Әй, аруақ-құдайдан қорықсаң­дар­шы» – деп еді, артынан бұл сөз отын болмайтынына көздері жеткен соң тілдерін тістеп, Бақтияр бағына жаппай тиіскен. Әуелі майда шілік қиылды. Содан сүмбілтал мәжнүнтал, сөгетітал сөгілді. (Енді киіз үйге уық-кереге қайдан болсын!) Артынан ақ терек, көк терек қырқылды. Ал айналасы тып-типыл жалаңаштанып, жалғыз өзі аспандап қалған Байшынарға балта шабуға ешкімнің батылы бармады. Сүмбіл талды балта мен отаған түні әлде кімдер боран арасынан ыңырсып, кейде шың­ғы­рып жылағандай

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота