11. сызбаға қарап, жалқы және жалпы есім туралы қоры-
тынды жаса.
жалпы есім
жалқы есім
әнші
» роза бағланова
» бибігүл төлегенова
- әлібек дінішев
күйші
» құрманғазы
» дина
дәулеткерей
мүсінші
» бақытжан әбішев
» хакімжан наурызбаев
- ескен сергебаев
• зат есімдерді жалқы, жалпы, жекеше, көпше түрлеріне
ажырат. әр сөздің қандай сұрақтарға жауап беріп тұрғанын айт.
ойыңмен бөліс.
мұражай, экспонаттар*, мүсінші, кілемдер, төсеніш,
портрет, әбілхан қастеев.
Бақыт деген не?
Бақыт дегеніміз не? деген сұраққа бір сөбен жауап беру қиыншылық тудырады, себебі әркім бақытты әрқалай түсінеді, тіпті адам өмірінің әрбір кезеңінде түрлі материадық және рухани құндылықтарды бақыт деп есептейді.
Әдетте, үлкен кісілер «бақыттың ішіне бәрі де сыяды» деп жатады, менің ойымша, бұл өте орынды сөздер. Мысалға, біреу үшін денінің саулығы бақыт болса, енді біреуінің ойынша, ол отбасы мүшелерінің амандығы, тағы басқа адам бақытты байлықтан іздейді. Есейе келе, менің де бақыт жайлы ой - пікірім өзгерген сияқты. Мысалға, бала күнімде мен үшін бақыт дегеніміз - жаңа ойыншық, әдемі көйлек, ата - анаммен қыдырып, ойнау бақыт болса, қазір бой жеткенімде мен үшін бақыт - ол сабағымды жақсы оқып, ата - анамның маған артқан үмітін ақтап отырғаным. Үйдегі жеңгемнен «Сіз үшін бақыт деген не?» деп сұрағанымда, ол кішкене бөпесінің сыңғырлаған күлкісі мен отбасының амандығы деп жауап берді. Ал анам болса, «бақыт дегенім сендердің аман жүргендерің» дейді. Міне, көрдіңіздер ме, қарап отырсаңыздар, шынымен де бақыттың ұғымы өте кең, өміріміздің барлық жағын қамтиды. Дегенмен де, әр адам бақыт дегенді әр түрлі түсінгенімен де, барлық адам бақытты болуға лайықты деп ойлаймын.