В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
romandichii1
romandichii1
17.09.2020 04:08 •  Қазақ тiлi

11-тапсырма. «Балық қаңқасы» диаграммасын толтыр. Жазғандарыңды өзара алмасып, пікір бөлісіңдер: 1. Балықтың басына әңгіменің мақсатын; 2. Үстіңгі қаңқасына әңгіменің идеясын; 3. Астыңғы қаңқасына кейіпкерлердің Мінездемесін; 4. Құйрығына қорытындыны жаз.


11-тапсырма. «Балық қаңқасы» диаграммасын толтыр. Жазғандарыңды өзара алмасып, пікір бөлісіңдер: 1.

Показать ответ
Ответ:
silvia16
silvia16
16.02.2021 15:16

в этом нужно писать свои данные

аты это имя, пиши свое имя

тегі это фамилия, пиши свою фамилию

туған жылы, күні, айы это дата рождения, пиши свою дату рождения

жынысы пол, пиши либо әйел(женщина) либо ер(мужчина)

қаласы - твой город проживания

электронды поштаның аты- название твоей почты, пиши свою

құпия сөз - пароль, пиши

ұялы телефонның номірі - номер телефона, пиши свой номер

құпия сұрақ - переводится как секретный вопрос. это может быть как "сіздің сүйікті спортыңыз қандай? "(какой ваш любимый вид спорта? )

жауабы - ответ на ваш секретный вопрос, например: футбол

қосымша е-пошта - дополнительный email, пиши свою

0,0(0 оценок)
Ответ:
lizаveta1998
lizаveta1998
16.02.2021 15:16

ғаламтор-интернет қазақ қоғамына енгелі көп болған жоқ. аз уақытта әлем торласып үлгерді. кешегі жаңалық, жаңалық болмай қалды. сол заматта бүгінгі жаңалық та ескіріп үлгереді.

ғаламтор… ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатыгездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы.ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да, соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқыңыз бар. сіз саясаттанушы, мәдениеттанушы, болмаса философ яки әлдебір саланың ғалымы болуыңыз шарт емес, көзқарасыңыз өзіңізге, жазыңыз, қалдырыңыз, шамына тиіңіз, сынаңыз, мінеңіз, алғыс айтыңыз – ерік алдыңыздағы компьютердің перне тақтасына басылған саусақтарыңызда. сіздің жазбаңызды әлдекім ұнатуы да ұнатпауы да мүмкін. пікірталас.оны кім айтты екен, кім шығарды екен? білмеймін… енді сіз құқылысыз, еш қымсынбастан, мұным қалай болар екен деп ойланбастан, ағайынның, мейлі ол кім болса, ол болсын, жағасынан аласыз, тығылып отырып коммент жазасыз, тасада тұрып тас лақтырасыз. қой дейтін ешкім жоқ. міне, еркіндік! алпыстағы ағаның жазбасына бесіктен белі шықпастан интернет әлемін кезген әлдебір боқмұрын сіңбіре салады. оның жақтастары көп-ақ, бірдеңе деп қарсы шығар болсаңыз, бітті, бір топ шуылдақ қақырып-түкіріп, ақ иті мен көк итін кезек жұмсауы мүмкін. сақ болыңыз!

интернетшіл демекші, оның немен айналысып, нені оқып, нені көріп отырғанын қадағалайтын ата-ана керек. алайда ғаламтор түгілі, компьютердің тінтуірін ұстап көрмеген кейбір отағасы мен отанасы оны қалай қадағаламақ?

әрине, еркін пікір білдіріп үйренген жөн. алайда әдептен озбауды ұмыта беретініміз де жасырын емес.

интернетшіл демекші, оның немен айналысып, нені оқып, нені көріп отырғанын қадағалайтын ата-ана керек. алайда ғаламтор түгілі, компьютердің тінтуірін ұстап көрмеген кейбір отағасы мен отанасы оны қалай қадағаламақ?

ең бастысы, жазбаңыздың грамматикалық қателіктеріне, ой-мазмұндық ұрда-жықтығына, жарты сөйлем, жалаң құрылым екеніне мән беріп жатқан сіз жоқ, барлық шектеулер мен кедергілер сызылып тасталған, соған қарамастан о бір шеттен, өзге қаладан, өзге ауданнан, өзге ауылдан әлдебір кісі ойыңызды ұнатыпты. мақұл. тағы бірнешеуіне де жаман әсер етпеген көрінеді. дұрыс. енді келіп басқа бір шеттен сіз көрмеген, атын естімеген қайдағы біреу ақыл айта бастайды, дұрыс емес дейді, сөйлеміңді түзе дейді, үтір-нүктеңді байқап қой дейді, сөзді орнымен қолдан дейді, мәдениетті бол дейді. кім ол сонша бұлай ақыл айтатын? жатып кеп арылдайсың. өзіңнің жазбаңды қорғауың керек. ал ол жазбаңның басында проза, поэзия деген анықтамалар тұрса, онда тіптен күйіп кетесің. күңіренесің. кіжінесің. өзге аздаған оқырманыңызға қызық керек, ортаға май құя түседі. біреуі «еп» дейді, енді бірі «шоқ» дейді. біреуі жұбатқансиды, тағы бірі саған жаны ашығансып, екі жақтың да көңілін жықпай, «…енді дұрысырақ, онша үлкен ағаттық та жоқ секілді… бірақ…» деп мүләйімсиді. танымайтын қасыңа қарадай өш боп, сәл жылы сөз айтқан пікірлесіңе жүрегің елжіреп сала береді. міне, бүгінгі ғаламтор әдебиеті. «шөп те – өлең, шөңге де – өлең». сөйлем құрай білсең, жазушысың. ондай атақты саған ешкім берген жоқ, жеке парақшаңа, болмаса өзіңнің блогыңа, яки сайтыңа іліп қой. саған қой деген пенде болмас. болып жатса, ит терісін басына қаптай сал. ешкімді еркінсітпе. цензураның заманы өткен. бірте-бірте кітаптың да «модыдан» қаларын ішіңіз сезіп жүр. ат шығарудың төте жолы сарғайған журналдар мен газеттердің бетінде көлдей болып тұру емесін екінің бірі біледі. әлеуметтік тобыңыз, сізді жақтайтындар мен жақтамайтындар қанша көп болса, сонша жақсы. ойыңызға келгенін тізе беріңіз. бәрі аңтарылып қарайды, өлеңіңізді өзінің «тілдей » (микроблог) көшіріп алады. сізді арнайы қорғайтын адвокаттарыңыз солар… демек, әдебиеттің өзіндік оқырмандары баршылық. олардың қалай топтасқаны, айналаңызға қалай жиналғанын өзіңіз де біліп отырсыз…

ғаламтор… тұтасқан әлем. өрмекшінің торы дерсіз. енді шынайы сүйіспеншіліктің орнын жылтыры мол виртуальды махаббат, шынайы аралас-құралас достықтың орнын виртуальды сыйластық басып келеді. тек көгілдір сағымды ғаламторлардың ішінде сан мен цифрлардың, әлдебір атаулар мен өзіңе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын есімдердің жақынысыз… танысыңыздан ажырап, танымасыңызды жақын тұтатын мезгіл қазір. иіріміне ессіз үңілген кейбір жандар оның тұтқынына да айналып үлгерген. жалғыздық пен күйзелістің асау толқындарына жұтылғандар қаншама? бұйығы, жадау-жүдеу… бұл да бір өтпелі кезең шығар. жамандығын айтып тауыса алмайсыз, ал жақсылығы да ұшан-теңіз. тек соны орнымен пайдалана білсек, мүмкіндігін барынша ықтиятпен жүзеге асырып, қалпымызды нықтап, білімімізді асыруға жұмсасақ.

м. хайдеггер техникамен тіл табыспай, өркениеті алға озбасын аманаттайды. ойшылдың өткен ғасыр айтқан толғамының кезеңіне енді жеттік. ұлы дүбірде атымыз оза ма, әлде… сіз бен бізге байланысты.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота