11-тапсырма. Сын есімнің орнына қолданылып тұрған белгісіздік есімдік- терін сұрақ қоя отырып анықта. Сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Қазақстан! - деймін ішімнен өрбір қарпіне көңіл құлағын
тосып. 2. Ол қайсыбір сәттерде көңілі құлазып, жүрегі сыздап,
ауылды аңсап отыратын еді. 3. Кейбір құрбы бүгін тату, ертең
бату. 4. Жанынан әлдебір сұлба көлбеңдеп өткендей болды. 5. Әр-
бір адамның өз пешенесіне жазылған тағдыры бар, кейбірі өзінің
өмір жолында бұйырған адамына жолығады, 6, Оның осы әрекеті-
не кейбір адамдар налыды.
Бата
Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
правильно?