В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
keti261
keti261
04.12.2022 19:17 •  Қазақ тiлi

12 словосочетаний на казахском по падежу Жатыс септік
надеюсь понятно​

Показать ответ
Ответ:
olinikvioletta62
olinikvioletta62
24.05.2022 06:19

Шоқан Уәлихановтың азан шақырып қойған есімі -Мұхаммед Қанапия. Бала күнінде анасы Шоқан деп еркелеткен. Қазақтың біртуар ғалымы 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде, қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Күнтимес ордасында өмір есігін ашқан. Балалық шағын Құсмұрында, Сырымбеттке өткізген. Ерте есейген Шоқан өз пікірлерін ересек жастағы адамдар сияқыт тұжырымдайтын. Оның жетіле беруіне, сана-сезімінің ерте оянуына әжесі Айғанымның ықпалы ерекше болды. Батыс Сібір генерал-губернаторының жанында төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарып жүрген Шоқан сүйікті әжесі жөнінде суық хабарды алған бойда Сырымбетке арнайы келіп, Айғаным ханыммен қоштасып, оны ақырғы сапарына шығарып салады. 

Шоқанның жас шағынан ғылымға ден қоюына әкесінің алдындағы қатарлы орыс зиялылары өкілдерімен тығыз байланыста болуы да үлкен әсер етеді. Академика А.И.Шренк, С.М.Семенов, А.И.Штейнгель, Н.В.Басаргин және Қазан университетінің студенті С.Сотников, сонымен қатар Н.Ф.Костылецкий, Т.Сейфуллин сияқты білімді адамдар Шыңғыстың аулында талай рет болып қайтқан. Шоқан он екі жасқа толғанда әкесімен Омбы жеріне келген. Әкесі өзінің орыс достарының көмегімен Шоқанды сол уақыттағы ең жақсы оқу орны Сібір кадет корпусына оқуға берген. Шоқан Пушкин мен Лермонтов өлеңдерінен үлкен әсер алып, жатқа біліп өскен. Ол Батыс Еуропа жазушыларының шығармашылығымен де таныс болған. Он сегіз жасында кадет корпусын бітіріп, корнет офицерлік атағын алады.

Шоқан Уәлихановтың Алатау Қырғыздарына сапары әйгілі Қашқар экспедициясының алдындағы сын қадамы болды. Қырғыздардың "Манас" атты тамаша шығармасына көңіл аударды. Өзін әйгілі еткен Қашқар сапарына 1858-1859 жылдары барған. Маарко Поло мен жиһанкез Гоестен кейін бұл елге тұңғыш барған шетелдік - Шоқан еді.

Шоқан Уәлихановтың достарының қатарында аса көрнекті орыс жазушысы Ф.М.Достоевский де болды. Тұңғыш рет Омбыда танысқан. Мұнан кейін Семейде жалғасқан достықтары ғалім өміріндегі үлкен оқиғалардың бірі болды. Екеуінің достығы Петербургте де жалғасын тапты. 1861 жылдан кейін дара билеушілікке қарсы күрестен соң бұрынғы бағытынан ауа бастаағн досының көзқарасына Шоқан сын көзбен қарады. 1861 жылдың көктем мезгілінде ғалым детті болып, елге қайтады. Онда ағайын-туысымен келісе алмай, қайтадан Омбыға қайтып келеді. Мұнда қазақтың сот реформасына байланысты кейбір мәселелерді шешуге атсалысты. Ал 1864 жылы генерал М.Г.Черняевтің әскери экспедициясы құрамында Әулиеата бекінісін алуда әскери қимылдарға қатысты. Алайда генералдың әділетсіздігіне мейлінше налыған Шоқан 1864 жылдың маусым айында басқа да М.Г.Черняевқка наразы офицерлермен бірге Верныйға қайтып оралады. 

1865 жылы "Русский инвалид" газетіне ғалымның Қытайдағы дүнгендер көтеріліс туралы соңғы мақаласы жарияланған. 1865 жылы сәуір айында Шоқан Уәлиханов Алтын Емел жотасының етегінде Көшен тоғаны деген жерде албан руының аға сұлтаны Тезектің аулында қайтыс болады. 

0,0(0 оценок)
Ответ:
GolDash
GolDash
27.04.2020 06:50
Бір мерген бозша құсты атып алды,
(Қоймады өлтіріп-ақ жалғыз жанды).
Басында бір ағаштың үш баласы
Шырылдап ұясында жетім қалды.
Ана жоқ таситұғын тағам-жемді,
Күн көрер бишаралар қайтіп енді?
Шулаған балапандар даусын естіп,
Сөз сөйлеп осылайша Түлкі келді:
«Алда сорлы, бейшара балалар-ай,
Жасынан өлген екен аналары-ай.
Көбелек, шыбын аулап күн көретін
Жоқ екен пақырлардың шамалары-ай.
Әй, құстар! Тыңдаңыздар құлақ салып,
Кезекпен жем тасыңдар ұшып барып.
Үшеуін асырауға қанша қиын,
Етіңдер аз күн қайыр бөліп-жарып.
Көкек құс! Жүнің түлеп жүр ғой бекер,
Азырақ жетім үшін жұлсақ нетер?
Қайырдың бұл дүниеде жетімге еткен
Басқа іс сауабына бар ма жетер?!
Бозторғай! Қарап тұрма сен де текке,
Жүресің бекер шырлап ұшып көкте.
Даладан, тоғайлардан тамақ ізде,
Бұлардың үшеуіне көп керек пе?!
Сарымойын! Ер жетті ғой балаларың,
Бәледен Құдай сақтар бірер-жарым.
Бұлардың күндіз-түні жанында бол,
Жоқтатпай сорлылардың аналарын.
Қарлығаш! Сен келтірсең маса-шыбын,
Бұларға о да қорек болар тығын.
Осындай жұрт жабылған сауап іске
Ұят қой кіріспесең, жарықтығым.
Сандуғаш! Не қылайын сені қайрап,
Қоярсың оқтын-оқтын өзің сайрап -
Көңілін біраз ғана көтермекке
Зарлының жетім қалған соры қайнап.
Достарым! Осындай бір іс етелік,
Жастарды жетім қалған кісі етелік.
Ізгілер орманда да бар екенін
Осындай сауап іспен көрсетелік!»
Тұрғанда Түлкі сөйлеп сауап жолды,
Қайғыға естігеннің көңілі толды.
Аштыққа шыдай алмай үш балапан,
Ағаштан төмен жерге түсіп қонды.
Жұрт жинап жақсы кеңес қылған Түлкі,
Зарланып жетімді аяп тұрған Түлкі
Аузына үшеуін де қағып салды -
Өзі екен нағыз Құдай ұрған Түлкі.

* * *
Жеп қойды құстың жетім балапанын,
Қорықпай-ақ обалынан Түлкі залым.
Қарасақ, ел ішінде аз ба адамдар
Жеп жүрген обалсынбай жетім малын?
Пана боп, өзің сақта, Құдіретім,
Кім де кім балапандай қалса жетім.
Жұмсақ тіл, көңілі қатты залымдардың
Ете көр жетімдерден аулақ бетін! 
 
key:Ахмет Байтұрсынұлы Қайырымды түлкі текст песни 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота