12-тапсырма. Мәтіннен үстеу түрлерін тап. Тез өрі нақты жауап берген сыныптасыңды анықта.
Ауыл әйелдеріне тән ибалылықты Әлиман берік ұстайды.
Жаулықты кіршіксіз аппақ етіп киеді, бір тал шашын сыртка
киеді. Қарашы, шай ұрттауының өзінде қаншама әдептілік жатыр
Ұрттағаны ернінің ұшын ғана тигізгені тәрізді – түк естілмейді.
шығармайды. Қолына күміс білезік, жүзік салады. Көйлекті мол
(Б. Соқпақбаев)
Менің бала кезімнен келе жатқан арманым журналист болу еді. Сол арманыма қол жеткізіп келе жатырмын десем,қателеспегенім. Осы мамандыққа баулыған адамдардың бірі, ол өзімнің қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен беретін ұстазым болды. Ол кісі әрдайым қол ұшын беріп, еңсемді ұстайтындай жылы сөздер айтатын.
Енді, міне, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің 3-курс білімгері болып отырмын.
Журналистикаға қызығушылығым былайша оянды: қоғамдағы басылым беттерінде жарияланған әрбір мақалаларды қызыға оқып, теледидардан шебер сөйлейтін дикторшыларға қызыға қарайтынмын. Мектепті бітіретін кезде, мен өзіме: « Мен білікті,халықтың сөзін сөйлейтін журналист боламын!»,- деп серт бердім. Ойы озық, қаламы ұшқыр журналистер қайнаған тіршіліктің ортасында жүріп, сан қилы оқиғаларға куә болады. Бұл мамандық осы қырымен де қызықты болып көрінеді.
Құдай Бұйыртса, өзім таңдаған мамандығымды жақсы бітіріп, сол мамандықтың иесі болсам арманым жоқ болар еді. Дегенмен де, адамның арманы ешқашан таусылмайды ғой. Болашақта патриотқа, білімге, денсаулыққа, қоғамға байланысты мақалалар көп болады деген мақсат бар.
Тағы айта кетерлік жайт, ол « Жас журналистер» ұйымы тек қана университет қабырғасында емес, сонымен қатар мектеп қабырғасында жүргізілсе жақсы болар еді. Себебі, журналист боламын деген бала, мектеп қабырғасынан бастап, мақала жазуды үйренеді. Болашақ қаламгерлер жан-жақты ойлары өрби түседі.
Ең өкініштісі, ақиқат бар жерде, өтірікте жүреді. Мысалы, газетке мақала жазсаң,ақиқаты бар, ол мақаланы қиып тастайды. Өйткені, қазіргі таңдағы журналистер өкіметтен қорқады. Қорқатын себептері де бар, ақиқатты жазсаң, ертеңінде басын көшеде жатады. Қазіргі журналистер бұрынғы журналистерге жетпейді. Ол кездегі журналистер тайсалмайтын, бәріне төтем беретін журналистер болған. Тіпті, халық үшін жанын пида ету, оларға қорқыныш болған жоқ. Бұл жағдай тек қана ба зде ғана емес, сонымен қатар телевизияда да осы.