В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
denisplaver
denisplaver
02.05.2020 13:03 •  Қазақ тiлi

14-тапсырма. Қазіргі ақындар айтысындағы тақырып пен ақындардың сөз қолдануына байланысты өз ойыңды
сыни хабарлама түрінде жаз. Бүгінгі ақындар айты-
сы мен «Біржан Сара» айтысы арасындағы ұқсастық
пен айырмашылық туралы салыстырмалы түрде талдау
жаса.​

Показать ответ
Ответ:
мангл63
мангл63
05.09.2022 03:56

Қазіргі Қазақстан, Моңғолстан, Қытай және Ресей мемлекеттерінің шекаралық түйіскен өңіріндегі тау жүйесі және таулы аймақ атауы. Тау мен өңірдің біздің елімізге қарасты бөлігінде Шығыс Қазақстан облысы орналасқан. Ресейдің Алтай өлкесінде де, моңғол жерінде де, Қытайға қарасты Алтай аймағында да басқа жұрттармен бірге қазақтар тұрады. Алтай – ертеде тұтастай түркі жұртының мекені болған өңір. Соның ішінде қазақтың да баба қонысы, атамекені. Халқымыздың біраз бөлігі Алтайды мекендеп келеді. Халқымыз басқыншылардан елді-жерді қорғауда үлкен ерліктер жасаған өңір – Қаракерей Қабанбай, Ақыр Жәнібек аталған кіші (керей) Жәнібек батыр, Оспан батыр сынды ел қорғаны болған тұлғалар шыққан. Ертіс, Об, Енесай сияқты үлкен өзендер Алтайдан басталады. Қаба, Қалжыр, Күршім, Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Оба, Қатын, Би, Абақан, Қобда, Ақбұлақ сияқты көптеген өзендері бар сулы, нулы өңір. Табиғаты ажарлы, аң мен құсқа бай. Жетпістен аса сарқырамалар, үш жарым мыңдай үлкенді-кішілі көлдері бар. Үлкендері – Зайсан, Алтынкөл, Қаражал, Қамысжал, Марқакөл. Алтай тауында тұщы су қорының көзі болып табылатын мыңнан астам мұздықтар бар. Алтайдың 70% таулы-орманды белдеуге жатады дейді. Мұнда еліміздің басқа өңірлерінде бола бермейтін терісаяқ, қоңыр аю, марал, солтүстік бұғысы, елік, құдыр, сілеусін, барыс, бұлғын, құндыз, таутеке сияқты аңдар мен жануарлар, ұлар, құр, тоқылдақ, үнді қазы, шіл, үкі, байғыз сияқты құстар мекендейді. Өзендерінде бекіре, тайман, аспан балық, алабұға өседі. Мұнда «Қазақстанның Қызыл кітабына» енген аздаған арқар да кездеседі. «Алтай ботаника бағы» деп аталатын ғылыми-зерттеу мекемесі бар. Өсімдік әлемі өте бай – жоғары сатыдағы төрт мыңдай түрі өседі деседі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
юлия1913
юлия1913
31.03.2021 14:07

"ПОПС формуласын" пайдаланып, "Иммунитетті көтерудің ең тиімді тәсілі" тақырыбында өз ойларымды жазу.

Менің ойымша, иммунитетті көтерудің тиімді тәсілі – салауатты өмір салтын ұстанып, көкөніс пен жеміс –жидектерді тағамға көп пайдаланып, сонымен қатар сүт тағамдарын жиі ішіп тұру.

Мен оны былай түсінемін: көкөністер мен жеміс – жидектердің, сүт тағамдарының құрамында адам ағзасына қажетті түрлі дәрумендер бар, сонымен қатар соңғы кездері көп адам дұрыс тамақтану бағытын ұстанып жатқандықтан, көкөніс жеу асқазанға пайдалы, әрі артық салмақтан да арылуға көмектеседі. Әсіресе, маусым арасында құрамында С витамині бар көкөністер мен жеміс – жидектерді қолданған дұрыс.

Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын: Дәрігерлердің айтуынша, адам иммунитетін көтерудің ең тиімді тәсілі – салауатты өмір салтын ұстану. Иммунитетті көтеру үшін үйлесімді тамақтану маңызды орын алады. Күніне 3-4 рет, уақытылы және дұрыс тамақтану, ол үшін кебектен, витаминді – минералды кешенмен байытылған ұннан жасалған нан, қырыққабат, сәбіз, аскөк және қызылшаны көбірек пайдаланған жақсы.

Ағзада көбінесе жеміс-жидектер мен көкөністерді қолдану, олардың құрамындағы дәрумендер мен микроэлементтер бактерия мен вирустармен күресетін, ақ түсті жасушалардың бөлуіне ықпал етеді. Ақуызды құрайтын тағамдарды жеу, олар антиденелерді бөліп шығаруға қатысады. Тамаққа бір ас қасық тары мен күнбағыс дәнін қосу – осылайша цитокинды арттырып, иммунитетке жауапты антидененің бөлініп шығуына ықпал тигізеді.

Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім: тиімді тамақтана отырып, қоршаған ортаның зиянды әсерлеріне қарсы тұруға және көптеген созылмалы аурулардың алдын алып, өмір жасын ұзартуға болатыны бүгінгі таңда дәлелденгендіктен, отбасы мүшелеріммен салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануға көшу керек.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота