В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
TOTOURHHJF
TOTOURHHJF
07.11.2022 12:02 •  Қазақ тiлi

1897 жылы бүкілресейлік халық меті бойынша, қазіргі Қазақстан аумағындағы халықтың
80%-ін қазақтар, 12%-ін славян тектес халықтар құраған.
1897-1913 жылдар аралығында мұндағы халық саны қоныс
аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген т.б.
шет жұрттықтар есебінен 1 264,0 мың адамға көбейген.
Кеңестік дәуірде, әсіресе 1930 жылдан кейін елімізге сырт
өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 жылы алғаш-
қылардың бірі болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшірілді.
Олар, негізінен, Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік
аудандарына қоныстандырылды. 1937-1944 жылдары тұтас
ұлттарды атажұртынан Қазақстан аумағына күштеп көшіру
науқаны жүргізілді.
6. Мәтіндегі жай сөйлемдерден салалас құрмалас сөйлемдер құрастырып жазындар памагите

Показать ответ
Ответ:
Анастасия4390045
Анастасия4390045
17.09.2022 23:22

Қазақстан жерінде құрылған ежелгі түрік мемлекеттерінің бірі Түргеш қағандығы еді. Түргештер, негізінен, Жетісуды жайлаған. VIII ғасырдың ортасында Түргеш мемлекеті ыдырау кезеңін бастан кешірді. Алғашында осы сәтті қарлұқтар пайдаланды. Бірақ түргештер мен Жетісудағы өзге түркі тайпаларына қытайлар мен арабтар да айтарлықтай қатер төндірген еді. 751 жылы Жетісуға шығыстан Қытайдың Тан империясы әскері баса көктеп кірді. Олар Түргеш астаналарының бірі - Суябты басып алып, қиратты. Осы кезде оңтүстіктен арабтар да жорық бастады. Осылайша Жетісуда Қытай мен Араб халифатының мүдделері тоғысты. Қытай мен араб әскерлері Талас өзені алқабында түргештердің шағын қаласы Атлахтың маңында кездесті. Екі жақтан соғыс майданына 100 мыңнан жауынгер қатысты. Бес күнге созылған ұлы шайқастың тағдырын қарлұқтар шешті. Соғыстың шешуші кезеңінде олар көтеріліс жасап, қытайларға қарсы шықты. Қиян-кескі шайқаста арабтар жеңіске жетті.

Бұл тарихи жеңіс болды. Өйткені осы шайқастан соң талай жүз жылға дейін Қытай басып алмақ ойынан түңіле бас тартты. Арабтар бұл жерде ұзақ тұрақтай алмады. Шамалы уақыттан соң олар Жетісу жерінен кетіп, түрік тайпалары қайтадан осы жердің иесіне айналды.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
настюшанастя1200
настюшанастя1200
15.09.2022 23:10

Достық деген не өзі? Бұл сұраққа ешкім жауап бере алмайды. Өйткені, бұл – жауапсыз сұрақ. Ел аузында «Сен маған досыңды көрсет, мен саған кім екеніңді айтамын» деген қанатты сөз бар. Өзімізше өміріміздегі сәттерді саралап, достықты екіге жіктейміз: адал және амал достық.

Дегенмен, бір қиындықта қол ұшын созбаған адамды «адал дос» деген атағынан айырып тастауға бола ма? Ойланып көріңізші...

– Сізді қолдайтынын әрі түсінетінін біліп айналаңыздағы кейбір адамдарға бар сырыңызды айта аласыз. Бірақ, ол сіздің туған күніңізді де білмеуі мүмкін.

– Ал, кейбір адамдар сіз туралы бәрін біледі. Сіз жасаған қателіктерді әркез кешіреді. Бірақ, сізді қолдауға келгенде осалдық танытады.

– Біреулермен жиі араласпайсыз, бірақ әр жүздескен сайын өзіңізді бақытты сезінесіз.

– Кей достарыңызды бала кезінен білесіз. Ортадағы үзілістерге қарамастан онымен қарым-қатынасыңыз жақсы.

– Кейде бір көріп, жаңа танысқан адамға бірден бауыр басып, әп-сәтте жақын досына айналасыз.

– Кездескен әрбір сәттеріңіз күлкімен өтетін, көңіліңізді марқайтып, қуаныш сыйлайтын әзілкеш достырыңыз да бар.

Осындай жандардың ортасында жүріп, өзіңізді «доссыз адаммын» деп есептейсіз бе? Әлде қолдау таныта алмағанның бәрі амал дос па?

Достық, махаббат – мұның барлығы қарым-қатынасқа құрылатын сезімдер. Құрамы бірдей: шынайылық, жылулық және сенім. Егер қасыңыздағы адамға деген сеніміңіз жоғары болса, оның қасында өзіңізді еркін сезінсеңіз, "досым" деп қорықпастан айта беріңіз. Адал және амал ұғымдарын ойлап тапқан – адамның өзі, ал, сіз тек бір ғана түсінікті қалыптастырыңыз. Ол "достық" деп аталсын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота