2. 2-тапсырма. Оқылым. Мәтіндерді тақырыбын, қызметін, тілдік ерекшеліктерін өзара салыстырып, өңдеп, өз көзқарасыңызды жазбаша білдіріңіз. Жазбаңызда сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін Қолданыңыз. Ақпараттық заманда адамзат бұқаралық ақпарат құралдары (газет-журнал, теледидар, радио және Интернет) арқылы тәрбиеленіп келе жатқаны белгілі. Бұқаралық ақпарат құралдары саяси процестердегі ең ықпалды құрылымдардың бірі және бүгінгі саяси сахнадағы негізгі құрал болып табылады. Сондықтан, ба өз, радио мен теледидар қазіргі қоғамға ықпал ететін және жанама түрде тәрбиелейтін МЫҚТЫ институт. ХХІ ғасырдың негізгі құндылығы-ақпарат. Ал ақпарат таратуда теледидар, газет – журналмен қатар бүгінгі таңда ғаламтордың да үлес салмағы артып келеді. Бүгінгі жаһанданған әлемдегі технологиялық нновацияның шарықтаған заманында: интернет, спутниктік байланыс арқылы мәтін, аудио, - ХАЛКЫМ БАР МА ЖАУАБЫ КАЗАК ТІЛІ ТЖБ БЕРЕМ
керек
Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға”, «Шу” батыр, «Атилла”, «Көк бөрi” және «Ергенеқон” дастандары бүгiнгi Қ. ә-нiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түрiк қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн”, «Тоныкөк”, «Бiлге қаған” жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типол., дәстүрлiк үндестiкте дамыды.
Түрiк қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы”. Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Иүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғыл. және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика”, «Поэзия өнерi туралы”, ибн-Синаның «Даныш-намесi” («Бiлiм кiтабы”), әл-Бирунидiң «Хикметтерi” («Даналық сөздерi”), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк” («Түркi сөздерiнiң жинағы”), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi”, Иасауидiң «Диуани хикметi” («Ақыл кiтабы”), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы”, т.б. толық дәлел бола алады.