В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
556667888
556667888
01.08.2022 20:05 •  Қазақ тiлi

2-мәтін бойынша аннотация жазыңыз. (5-6 сөйлем) Жай сөйлемдерді құрылымдық ерекшелігіне қарай қолданыңыз. Бір сөйлемді жай сөйлемнің түрлеріне қарай талдаңыз.
Аннотация жазуда келесі клишелерді қолданыңыз:
Мақалада ... қарастырылады, мақала ... арналған, мақалада ... көрсетіледі, мақаланың негізінде ... жатыр, автор ... мәселелерге тоқталады, автор ... мәселелерін қозғайды, автордың/мақаланың мақсаты...
2-мәтін
Астананың театрларында классикалық киім немесе көйлек киіп кел деген талап жоқ. Дегенмен театрға сай киініп келу ішкі мәдениеті жоғары адамдар үшін айтылмайтын заңдылық. Станиславский: «Театр киім ілгіштен басталады» деп айтқан. Бұл адамның есіктен кіргеннен шыққанға дейінгі мәдениеті, екіншіден үстіңе киіп келген киімің. Мұны біз көрермендердің өзінің талқысына, таңдауына, талғамына саламыз. Десек те, қазіргі жастар ондай нәрселерді түсіне бермейді. Оған бәлкім өзіміз де кінәлі шығармыз. Біздің елімізде театрға билет сату көбінесе ұжымдық деңгейде қалған. Әкімші белгілі бір мектепке барады, белгілі бір сыныптан 30-40 адамды ертіп келе салады. Бірақ театрға арнайы билет алып келетін адамдар некен-саяқ. Мәселенің бәрі осыдан туады. Мектеп оқушыларын айтпағанда студенттердің өздері де спорттық киіммен, джинси шалбар, кроссовки киіп келеді. Театрға барып қарап отырсаңыз біздің жастардың бойында театр мәдениетін сіңірмегенін байқайсыз. Залға кірген кезде балалар кириешки жеп, сусынмен келіп жатады. Яғни, кинотеатр деңгейімен салыстырады. Театр жанды өнер болғандықтан бұған бей-жай қарай салуға болмайды. Олардың су ішіп, шулап отыруы белгілі бір деңгейде актерлардың ойынына кедергі келтіруі мүмкін. Екіншіден, көрерменнің мұндай әрекеті театр мен ондағы актерларды сыйламауы деп білемін. Театрға көп келетін адамның бойынан оның мәдениет деңгейінің биік екені байқалып тұрады. Орта жолда келе салатындар үйлесімділікті бұзады.
Театрдың сосын сатылай даму ерекшеліктерін ескеру керек. 6 жастан 15 жасқа дейінгі балалар «Қуыршақ» театрына баруы керек. «Қуыршаққа» барған бала Жастар театрына барғанда қандай орынға келгеніне хабардар болып отырады. Біздегіата-аналар театр, музейге баласын апаруды тәрбиенің бір бөлшегі ретінде қабылдамайды. «Күйеуіңізді сатыңызшы»,«Еңжақсы еркек» деген сияқты үлкендер аудиториясына арналған қойылымдарға баласын жолай жетектеп әкеле салады.
Мен Ресейдің, Еуропаның біраз театрларында болдым, оларда мұндай проблема жоқ. Біздің театрларға «Дресс-код міндетті» деген ереже орнатқанымызбен, көрерменнің ішкі мәдени деңгейін өзгерте алмаймыз ғой. Сол себепті, ең алдымен, адамдардың санасы өзгеруі тиіс.

Показать ответ
Ответ:
sasha3637
sasha3637
12.06.2021 10:09

Мақалада театр өнері қарастырылады, мақала оқырмандарға арналған,мақалада театр мәдениеті көрсетіледі,автор театрда болатын мәселелерге тоқталады, автор театрда сақталмайтын мәселелерін қозғайды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота